Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на медицину, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының аумағында жасалған медицинаға жұмсаған жеке тұлғаның шығыстары туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдарының талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 416 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14209 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 4 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Басқа 1. 20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 201 __ жылғы «__» __ № __ бұйрығына 1-қосымша нысан 20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы Денсаулық сақтау субъектісінің немесе дара кәсіпкердің атауы ___________________________________________________________________________________________ Денсаулық сақтау субъектісінің немесе дара кәсіпкердің жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________________________ № р/с Же­ке тұл­ға бой­ын­ша мә­лі­мет Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ге ар­нал­ған шарт Ауыр­ған жағ­дай­да ерік­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Құ­жат­тың кү­ні және нө­мі­рі Қыз­мет құ­ны, тең­ге­мен Қыз­мет­ті ал­ған кү­ні Тө­лен­ген со­ма­сы, тең­ге­мен Тө­лен­ген кү­ні Құ­жат­тың кү­ні және нө­мі­рі Сақ­тан­ды­ру сый­лық-ақы­ла­рын өтеу со­ма­сы, тең­ге­мен Сақ­тан­ды­ру сый­лық-ақы­ла­рын өтеу кү­ні Сақ­тан­ды­ру сый­лық-ақы­ла­ры тө­лен­ген со­ма­сы, тең­ге­мен Сақ­тан­ды­ру сый­лық-ақы­ла­ры тө­лен­ген кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ____________________________________________________________________________________ Денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (электрондық цифрлық қолтаңба) Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі ___________________________________________________________________________________ Денсаулық сақтау субъектісінің мекен-жайы ___________________________________________________________________________________
Басқа 2. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанына қосымша Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға (косметологиялықтан басқа) жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысаны мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі; 2-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 4-бағанда – медициналық қызмет көрсетуге арналған құжаттың (шарттың) күні және нөмірі; 5-бағанда – медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес қызмет құны, теңгемен; 6-бағанда – медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа сәйкес қызметті алған күні; 7-бағанда – алынған қызмет үшін төленген сомасы, теңгемен; 8-бағанда – қызметті төлеген күні; 9-бағанда – ауырған жағдайда ерікті сақтандыру құжаттың (шарттың) күні және нөмірі; 10-бағанда – ауырған жағдайда ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын өтеу сомасы, теңгемен; 11-бағанда – сақтандыру сыйлықақыларын өтеу күні; 12-бағанда – сақтандыру сыйлықақыларының іс жүзінде төленген сомасы, теңгемен; 13-бағанда – сақтандыру сыйлықақыларын төлеген күні.
Тармақ 2
2. Талап денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Басқа 3. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 201__ жылғы «__» __ № __ бұйрығына 2-қосымша Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау субъектілерінің Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысанын жасау тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Талапты жасау тәртібі
2-тарау. Талапты жасау тәртібі
Тармақ 2
2. Талапты денсаулық сақтау субъектілері:
Тармақша 1
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – хабарламаларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып;
Тармақша 2
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жасайды.
Тармақ 3
3. Талап жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген медицинаға (косметологиялықтан басқа) жұмсалатын шығыстарды растайтын мәліметтерді толтыра отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Мәліметтер әрбір медициналық қызмет бөлігінде жеке ұсынылады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талапты жасау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында жасалады және ұсынылады.