Об утверждении натуральных норм обеспечения организационной техникой и канцелярским имуществом Национальной гвардии Республики Казахстан Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз ету заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі _______________________ 2020 жылғы « » ________
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын ұйымдастыру техникасымен және кеңсе мүлкімен қамтамасыз етудің заттай нормалары № Заттай нор­ма­ның ата­уы Заттай нор­ма­ның өл­шем бір­лі­гі Сан­дық мән­де­гі нор­ма Пай­да­ла­ну мер­зі­мі (жыл) Заттай нор­ма­лар­дың қол­да­ну са­ла­сы Заттай нор­ма­лар­дың анық­та­ма­сы мен қол­да­ны­луын нақ­ты­лай­тын си­патта­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 1-та­рау. Ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы 1-па­ра­граф. Кө­ші­ру жабды­ғы 1 Кө­шір­гіш ма­ши­на­лар да­на 2 7 Ұлт­тық ұлан Бас қол­бас­шы­лы­ғы (бұ­дан әрі – ҰҰБҚ) хат­шы­лы­ғы­ның бө­лім­ше­ле­рі мен өңір­лік қол­бас­шы­лық­тар (бұ­дан әрі – ӨңҚ) құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бір бө­лі­ні­сі үшін Құ­жат­тар­дың, фо­то­су­рет­тер­дің, су­рет­тер бен қа­ға­з­да­ғы екі өл­шем­ді бей­не­лер­дің және бас­қа ма­те­ри­ал­дар­дың кө­шір­ме­ле­рін алу­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы. 2-па­ра­граф. Қо­сал­қы жаб­дық 2 Бұр­ғы да­на 1 5 ҰҰБҚ хат­шы­лы­ғы­ның бө­лі­ні­сте­рі, ҰҰ ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты (бұ­дан әрі – ҰҰ АММ), ӨңҚ, құ­ра­ма­лар, бри­га­да­лар, әс­ке­ри бө­лім (бұ­дан әрі ә/б) мен әс­ке­ри оқу орын­да­ры (бұ­дан әрі – ӘОО) құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бө­лі­ні­сте­рі үшін Ой­ық­тар бұр­ғы­ла­у­ға ар­нал­ған. Іс­тер­дің құ­жат­та­рын тігу және жа­ңа­лау үшін қол­да­ны­ла­ды. 3 Шаң­сор­ғыш (ком­прес­сор) да­на 1 5 ҰҰ АММ, ӘОО. Мұ­ра­ғат сақ­тау орын­да­ры, мұ­ра­ғат қо­рап­та­ры мен сақ­тау құ­рал­да­рын шаң­нан та­за­лау үшін. 4 Та­ра­зы да­на 1 5 ҰҰБҚ хат­шы­лы­ғы­ның, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құ­ра­ма­лар, бри­га­да­лар, ә/б мен ӘОО құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бө­лі­ні­сте­рі үшін Жө­нел­ті­ле­тін кор­ре­спон­ден­ци­я­ның сал­ма­ғын ай­қын­дау үшін. 2-та­рау. Кең­се мүл­кі 5 Ла­ту­нь­нан жа­сал­ған плом­ба­ла­ғыш да­на 1 15 ҰҰБҚ бір штат­тық бір штат­тық бір­лі­гіне; ӨңҚ, құ­ра­ма, бри­га­да, ә/б, ӘОО, әс­ке­ри ме­ди­ци­на­лық ме­ке­ме­нің (бұ­дан әрі – ӘММ), же­ке ор­на­лас­қан бө­лім­ше­нің (бұ­дан әрі – ЖОБ) бір штат­тық бір­лі­гіне; ди­ви­зи­он, ба­та­льон, ба­та­рея, ро­та, взвод қол­бас­шы­лы­ғы­ның (ко­ман­дир мен оның орын­ба­сар­ла­ры) бір штат­тық бір­лі­гіне; бас­шы­лық, ко­мен­да­ту­ра, атыс ала­ңы, спорт ко­ман­да­сы, ор­кестр, ан­самбль­дің бір штат­тық бір­лі­гіне; ор­та­лық, қой­ма, сақ­тау ба­за­сы, ка­фед­ра (фа­куль­тет), ре­дак­ция, бас­па­ха­на, бей­не­сту­дия, мұ­ра­жай, мұ­ра­ғат, то­рап, клуб, кі­та­п­ха­на­ның бір штат­тық бір­лі­гіне; ше­бер­ха­на, зерт­ха­на, ап­па­рат­тық стан­ция ба­стық­та­ры­на; әс­ке­ри гос­пи­таль, ла­за­рет, ем­ха­на, ме­ди­ци­на пунк­ті, әс­ке­ри-дә­рі­гер­лік ко­мис­сия (бұ­дан әрі – ӘДК), са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ор­та­лық (бұ­дан әрі - СЭО), дә­рі­ха­на дә­рі­гер­ле­рі мен ор­та ме­ди­ци­на­лық пер­со­на­лы­ның бір штат­тық бір­лі­гіне); ҰҰБҚ, ӨңҚ бой­ын­ша же­дел ке­зек­ші­лер мен кө­мек­ші­ле­рі­нің, құ­ра­ма, бри­га­да, ә/б, ӘОО, ЖОБ, ба­қы­лау-тех­ни­ка­лық пункт (бұ­дан әрі – БТП), ба­қы­лау-өт­кі­зу пунк­ті (бұ­дан әрі – БӨП), бай­ла­ныс, штаб бой­ын­ша ке­зек­ші­лер мен кө­мек­ші­лер­дің бір ла­у­а­зым­ды ада­мы­на және тех­ни­ка­лық сүй­е­мел­деу қыз­ме­ті­нің (бұ­дан әрі – ТСҚ) опе­ра­тор­ла­ры­на. Қыз­мет­тік ка­би­нет­тер­дің есік­те­ріне сүр­гі со­ғу және сур­гуч үшін. 6 Эва­ку­а­ци­я­лау ыдысы (қап­тар) да­на 10 5 ҰҰБҚ хат­шы­лы­ғы­ның, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құ­ра­ма­лар, бри­га­да­лар, ә/б мен ӘОО құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бө­лі­ні­сте­рі үшін Плом­бы­лау (ке­сін­ді) құ­рал­да­ры­мен және бре­зент ма­та­лы та­сы­мал­дау тұт­қа­ла­ры­мен жаб­дық­тал­ған құ­жат­тар­ды эва­ку­а­ци­я­лау үшін. 7 Ел­таң­ба­лы мөр­лер да­на 4 7 ҰҰБҚ хат­шы­лы­ғы­ның, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құ­ра­ма­лар, бри­га­да­лар, ә/б мен ӘОО құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бө­лі­ні­сте­рі үшін Шы­ға­ры­ла­тын нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­дің (құ­жат­тар) түп­нұс­қа­лы­лы­ғын рас­тау үшін. 8 Мөр­лер да­на 14 7 ҰҰБҚ хат­шы­лы­ғы­ның, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құ­ра­ма­лар, бри­га­да­лар, ә/б мен ӘОО құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бө­лі­ні­сте­рі үшін Шы­ғыс, кі­ріс кор­ре­спон­ден­ци­я­ны және бас­қа құ­жат­тар­ды рас­тау үшін. 9 Мөр­та­бан­дар да­на 46 7 ҰҰБҚ хат­шы­лы­ғы­ның, ҰҰ АММ, ӨңҚ, құ­ра­ма­лар, бри­га­да­лар, ә/б мен ӘОО құ­пия бө­лім­ше­ле­рі­нің бө­лі­ні­сте­рі үшін Құ­жат­тар­ды есеп­ке алу және жө­нел­ту үшін. 10 Мұ­ра­ғат­тық қо­рап А4 да­на 1 10 3-4 іс­ке. ҰҰ ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты, ӘОО Сө­ре­лер­де мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар мен іс­тер­ді сақ­тау үшін. 11 Мұ­ра­ғат­тық қо­рап А3 да­на 1 10 3-4 іс­ке. ҰҰ ар­найы мем­ле­кет­тік мұ­ра­ға­ты, ӘОО Сө­ре­лер­де мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар мен іс­тер­ді сақ­тау үшін.