Об утверждении Правил аккредитации республиканских ассоциаций общественных объединений охотников и субъектов охотничьего хозяйства, проведении их аккредитации Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 8. Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді, оларды аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
Тармақша 2
2) аккредиттеу субъектісі – аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – қауымдастық);
Тармақша 3
3) аңшылық минимумы – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
Тармақша 5
5) уәкілетті орган ведомствосы – уәкілетті органның бөлімшесі.
Тармақ 3
3. Аккредиттеуді Заңның 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растау үшін уәкілетті орган ведомствосы аккредиттеу субъектісіне жүргізеді.
Тармақ 4
4. Аккредиттеуді жүргізу рәсімдері:
Тармақша 1
1) аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;
Тармақша 2
2) қауымдастықтардың уәкілетті орган ведомствосына осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;
Тармақша 3
3) аккредиттеу материалдарын қарауы;
Тармақша 4
4) аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
Тарау 2. 2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру аккредиттеу жүргізілгенге дейін он жұмыс күн бұрын уәкілетті орган ведомствосының ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген. Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады. Жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімдерін тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға баяндалған 7-қосымшада мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган ведомствосы өтінім түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жібереді.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Тармақ 12
12. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.
Тармақ 13
13. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.
Тармақ 14
14. Атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Тармақ 15
15. Қауымдастықтың аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:
Тармақша 1
1) оның қолданылу мерзімі аяқталған;
Тармақша 2
2) қауымдастықтың қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
Тармақша 3
3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган ведомствосы Заңның 33-1-бабында көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 17
17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Республикалық қауымдастықтарды аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
3-тарау. Республикалық қауымдастықтарды аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 19
19. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Басқа 1. Өтініш
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Кімге:_______________________________________________ (аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)) ______________________________________________ Кімнен:______________________________________________ (лауазымы, заңды тұлғаның атауы) Реквизиттері: ________________________________________ (БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы) ________________________________________ Өтініш _____________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) _____________________________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын. Жүзеге асыру үшін_____________________________________________________________ (аккредитация саласындағы жұмыс түрлері) _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1.___________________________________________________________________________ 2.___________________________________________________________________________ 3.___________________________________________________________________________ 4.___________________________________________________________________________ 5.___________________________________________________________________________ ____________________ ______________________________________________________ (қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) Күні: 20__ жылғы « ___ » ____________ Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Басқа 2. Мәліметтер нысаны
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан Мәліметтер нысаны 1) Мекенжайы:__________________________________________________________ _______________________________________________________________________ 2) Үй-жайлардың сипаттамасы, жабдықтар және алаңы _______________________ _______________________________________________________________________ 3) Жеке меншік құқығын растайтын құжаттың нөмірі және күні________________ өкілдіктер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер (бар болса) 4) Мекенжайы:__________________________________________________________ _______________________________________________________________________ 5) Атауы: _______________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 6) филиалды және (немесе) өкілдікті тіркеу туралы заңды және жеке тұлғалар үшін анықтама________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 7) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________________ _________________________________________________________________________ 8) Лауазымы _____________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 9) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________ ________________________________________________________________________ (тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін) 10) Жұмыс өтілі:__________________________________________________________ ________________________________________________________________________ (мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін) 11) Оқу орнының атауы_____________________________________________________ _________________________________________________________________________ 12) Оқу жылдары __________________________________________________________ _________________________________________________________________________ 13) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ 14) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________ _________________________________________________________________________ 15) Атауы: __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 16) Өлшем бірлігі: ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 17) Саны: ___________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 18) Атауы: __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 19) Өлшем бірлігі ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 20) Саны ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 21) Ескертпе _________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ 22) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________________ _________________________________________________________________________ 23) Лауазымы ______________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 24) Осы ұйымда жұмыс істейді_________________________________________________ __________________________________________________________________________ (тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін) 25) Жұмыс өтілі:_____________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін) 26) Оқу орнының атауы______________________________________________________ _________________________________________________________________________ 27) Оқу жылдары ___________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 28) Диплом бойынша біліктілігі________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 29) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________ ___________________________________________________________________________ 30) Қоғамдық бірлестіктердің атауы ____________________________________________ __________________________________________________________________________ 31) Саны___________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ 32) Мекенжайы:_____________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын. Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш берілген күн 20___ жылғы «__» ___________ _________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Басқа 3
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 3-қосымша Нысан
Тармақша 1
Тармақша 21
Басқа 4. Елтаңба
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Елтаңба Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік № _____ 20 ___жылғы « __ » ___________ «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес __________________________________________________________________ (аккредиттеу органының атауы) __________________________________________________________________ __________________________________________мекенжайында орналасқан мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға аккредиттеледі: 1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру; 2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді; 3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; 4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысу; 5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлу; 6) аң аулауға пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды тіркеу мен есепке алуды жүргізу; 7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәлігін беру, белгіленген нысан бойынша аң аулаушының берілген куәлігі туралы есептемені уәкілетті органға ұсыну; 8) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізу; 9) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды; 10) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу; 11) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды; 12) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады. Куәлік 20 ___ жылғы « _ » _________дейін жарамды. Аккредиттеу органының басшысы __________ ________________________ (қолы) (тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса)) Мөрдің орны Сериясы ___________ №_________________________ Берілген күні 20_____ жылғы «_____»
Басқа 5. Елтаңба
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларына 5-қосымша Нысан Елтаңба Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік
Басқа 6. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеуге Өтініш
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 6-қосымша Нысан Кімге: _________________________________________ (аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)) _______________________________________________ Кімнен: ________________________________________ (лауазымы, заңды тұлғаның атауы) Реквизиттері: ___________________________________ (БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы) _______________________________________________ Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеуге Өтініш Аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеп беруді сұраймын. _______________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) берілген _______________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Жүзеге асыру үшін _______________________________________________ (аккредитация саласындағы жұмыс түрлері) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ мына (дай) негіздеме (лер) бойынша: 1) атауының өзгеруі; 2) заңды мекенжайының өзгеруі Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі: 1. ____________________________________________________________ 2. ____________________________________________________________ 3. ____________________________________________________________ 4. ____________________________________________________________ 5. ____________________________________________________________ Байланыс телефондары __________________ E-mail__________________ Қосымша: ________ парақ (та) 1 данада ___________ ____________________________________________ ______________ тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса)) қолы _____________20____жыл ______________________ Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
Басқа 7
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 7-қосымша Нысан «Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1. Көрсетілетін қызмет берушінің атауы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) Барлық кіші түрлері бойынша: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-Портал). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күн 4. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (ішінара автоматтандырылған). 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 7. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). 8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш; 2) мыналардың: меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде аңшылық минимум бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлардың; веб-сайттың; филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса); жануарлар дүниесін молайту мен пайдалануды қорғау саласындағы арнайы әдебиеттерді, аңшылық минимумы жөніндегі әдістемелік материалдардың, құралдар мен экспонаттардың; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіптік білімі бар тиісті қызметкерлер штатының; қауымдастық құрамындағы әуесқой аңшылардың қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін; 3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін мәліметтер нысаның. Заңды тұлғанының мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. 9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы. 5) Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет шектеулі қолжетімділікпен пайдаланылатын жеке деректерге қол жеткізуге берген келісімінің болмауы. 10. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар 1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы – www.gov.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігі «деген бөлімде» қызметтер «деген кіші бөлімде:»; Порталда; 2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар; 4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді болады; 5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген – www.gov.kz, «Экология және табиғи ресурстар министрлігі» деген бөлімде «қызметтер» деген кіші бөлімде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
Басқа 8. Хабарлама
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 8-қосымша Нысан Хабарлама Берілді ___________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы) Осы арқылы Мемлекеттік мекеме _______________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) Сіздің [өтініш күні] № [өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды ____________________________________________________________ __________________(құрылымдық элементті көрсету) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды: Портал: 1. ___________________________________________ 2. ___________________________________________ 3. ___________________________________________ Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі. ________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы) ________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20__ жылғы «___» ________ «__» сағат «__» мин.