Об утверждении Правил отнесения водных объектов к категории судоходных и перечня судоходных водных путей Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 19-2/510 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11862 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 1. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы «___» ___________ № _______ бұйрығына 1-қосымша Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 105-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және су объектілерін кеме жүзетін көлік құралдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган – ішкі су көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы, сондай-ақ су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары – кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;
Тармақша 4
4) кеме қатынасы су жолдары – кеме қатынасы үшін ашық және кеме қатынасы үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізілген ішкі су жолдары.
Тарау 2. 2-тарау. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібі
2-тарау. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібі
Тармақ 3
3. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу уәкілетті органмен су объектілерін кеме қатынасына санатына жатқызу және су объектілерін немесе олардың учаскелерін (шекарасын көрсетіп) кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізу орындылығы туралы талдау (бұдан әрі – Талдау) нәтижелері бойынша қабылданады.
Тармақ 4
4. Талдауды уәкілетті орган жүргізеді және мыналарды:
Тармақша 1
1) тасымалдың күтілетін көлемі, жүк ағынының болжамды маршруттары және тасымалдау процесін ұйымдастыру үшін көлік (жолаушылар) флотының жоспарланған санын;
Тармақша 2
2) кеме қатынасы санатына жатқызуға ұсынылатын су объектісінің схемалық жоспары, гидрологиялық сипаттамасы және пайдалану ерекшеліктерін;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы санатына жатқызуға ұсынылатын су объектісінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі және оларды қысқа мерзімді (үш жылдық) перспективада күтіп - ұстау бойынша қаржы қаражатының ресурстарға қажеттілігін қамтиды.
Тармақ 5
5. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу жөніндегі ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
Тармақ 6
6. Талдау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу нәтижелері бойынша су объектілері немесе олардың учаскелері кеме қатынасы су жолдарының тізбесіне енгізіледі.
Басқа 2. Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы «___»____________ № _______ бұйрығына 2-қосымша Кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Балқаш көлi.
Тармақ 2
2. Есiл өзенi, Петропавл су қоймасының бөгетiнен бастап Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне дейiн.
Тармақ 3
3. Есіл өзенінің Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегіндегі учаскесі.
Тармақ 4
4. Жайық-Каспий каналы.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағындағы Қиғаш өзенінің учаскесi (Волга өзенiнің саласы).
Тармақ 6
6. Қара Ертiс өзенi (Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап) Зайсан көлi - Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі су қоймаларымен бiрге Ертiс өзенi (Ресей Федерациясымен шекараға дейiн).
Тармақ 7
7. Ресей Федерациясынан бастап Жайық өзенінің сағасына дейiнгі Жайық өзенiнің учаскесi.
Тармақ 8
8. Сырдария өзенi, Қызылорда қаласы мен паром өткелдерiнің маңы.
Тармақ 9
9. Iле өзенi, Қапшағай су қоймасымен бiрге Қытай Халық Республикасымен шекарадан бастап Қапшағай су электр станциясының бөгетiне дейiн.