Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға 1-қосымшаға;
Тармақша 2
2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №325 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4252 тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада «Шартарап-Шарайна» газетінде және 2017 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы _____________ №____ қаулысына 1-қосымша Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны (бюджеттік қаражаттар есебінен) 5049
Басқа 11. Ата-ана төлемақысының мөлшері
Шардара ауданы әкімдігінің 2019 жылғы _____________ №____ қаулысына 2-қосымша Ата-ана төлемақысының мөлшері Барлығы: Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес) Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) 398,5 597,2 Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.