Об утверждении тарифов на оказываемые платные виды услуг республиканским государственным учреждением при проведении мониторинга и оценки мелиоративного состояния орошаемых земель Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 40-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтер
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 5 ақпаны № 39 бұйрығымен бекітілген Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтер Р/с № Қыз­мет­тер­дің ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Бір­лік­тің ба­ға­сы (тең­ге, қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын­сыз) 1 Су­ар­ма­лы жер­лер­дің то­пы­рақ­тық-ме­ли­о­ра­ци­я­лық және тұз­дық тү­сі­рі­лі­мін жүр­гі­зу гек­тар 416 2 Ыза су­лар­дың дең­гей­іне гид­ро­ре­жим­дік ба­қы­ла­у­лар жүр­гі­зу өл­шеу 3153 3 То­пы­рақ­та­ғы және су­да­ғы ұз­дар­ды анық­тау үшін олар­ға тал­да­у­лар жүр­гі­зу: то­пы­рақ­тың тал­да­уы сы­на­ма 5553 су­дың тал­да­уы сы­на­ма 9294 4 Же­рү­сті және же­ра­с­ты су­ла­ры­на ир­ри­га­ци­я­лық ба­ға­лау жүр­гі­зу және олар­ды су­а­ру үшін пай­да­ла­ну бой­ын­ша ұсы­ным­дар әзір­леу ұсы­ным 10688 5 Ба­қы­лау ұң­ғы­ма­ла­рын жаб­дық­тау және су­ға ұң­ғы­ма­лар бұр­ғы­лау: ба­қы­лау ұң­ғы­ма­ла­рын жаб­дық­тау да­на 39536 су­ға ұң­ғы­ма­лар бұр­ғы­лау қу­ма метр 19232