Об утверждении Правил разработки, реализации, проведения мониторинга по реализации операционного плана Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 119-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9787 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 16 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 708 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12443 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 119-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органның операциялық жоспарын (бұдан әрі – операциялық жоспар) әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу тәртібі
2-тарау. Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу тәртібі
Тармақ 2
2. Даму жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік орган жыл сайын операциялық жоспар әзірлейді.
Тармақ 3
3. Операциялық жоспар мемлекеттік органның ресурстар, жауапты орындаушылар және даму жоспарының мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжатты білдіреді.
Тармақ 4
4. Операциялық жоспар мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылына арналған даму жоспарында көзделген стратегиялық бағыттарға, макроиндикаторларға, мақсаттары мен нысаналы индикаторларына және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өзге де міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті іс-шараларды қамтиды және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін қоса алғанда, оның қызметінің бүкіл саласын қамтиды.
Тармақ 5
5. Операциялық жоспар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының ұсыныстары негізінде әзірленеді.
Тармақ 6
6. Операциялық жоспар жыл сайын әзірленеді және оны бірінші басшы не аппарат басшысы мемлекеттік органның даму жоспарына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бекітеді.
Тармақ 7
7. Операциялық жоспарды іске асыру операциялық жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органның операциялық жоспарының іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру және талдау үшін операциялық жоспарға мониторинг жүргізу жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізудің мақсаты мемлекеттік органның даму жоспарының стратегиялық бағыттарына, макроиндикаторларына, мақсаттары мен нысаналы индикаторларына тиісінше және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін оның іске асырылу барысын жақсарту болып табылады.
Тармақ 10
10. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу:
Тармақша 1
1) операциялық жоспарды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алудың тұрақтылығын;
Тармақша 2
2) операциялық жоспарды іске асыруда мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының іс-қимылдарының келісушілігін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органның даму жоспарының жоспарланған нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін операциялық жоспарды уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Операциялық жоспарға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге операциялық жоспардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпарат мақсаттар мен нысаналы индикаторлар бөлінісінде орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар (орындалмау себептерін көрсете отырып) туралы ақпаратты қамтиды.
Тармақ 13
13. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін беріледі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің немесе ведомстволық бағынысты ұйымының басшысы ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынатын ақпараттың негізінде мониторинг жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне дейін операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп дайындайды және осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғаларға ұсынады.
Тармақ 16
16. Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есеп операциялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты, лауазымды тұлғалардың жоспарланған іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауы жөніндегі ұсынымдарды және операциялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Тармақ 17
17. Мониторинг жүргізудің нәтижесі бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар: мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында жоспарланған іс-шаралардың іске асырылу тиімділігін арттыруға (өзге де іс-шараларды айқындауға); анықталған проблемалық мәселелер бойынша шаралар қабылдауға бағытталған шешімдер шығарады.
Тармақ 18
18. Операциялық жоспарды мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша және мемлекеттік органның даму жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, операциялық жоспар түзетілуге жатады.
Басқа 1.1. _______________________________________ (мемлекеттік органның атауы) _____ жылға арналған операциялық жоспары
Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан _______________________________________ (мемлекеттік органның атауы) _____ жылға арналған операциялық жоспары Мемлекеттік органның іс-шаралары Р/с № Ата­уы Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ко­ды Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы Орын­да­лу мер­зі­мі Аяқ­та­лу ны­са­ны 1 2 3 4 5 6 I. Стра­те­ги­я­лық жос­пар­дың мақ­сат­та­ры мен ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ла­ры­на қол жет­кі­зу жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар 1-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт 1-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 1.1-мақ­са­ты 1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар n-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт 1-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2.1-мақ­са­ты 1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар n-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра II. Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ере­же­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де мін­дет­тер­ді ше­шу­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар Операциялық жоспарды әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы ______________________________________________________________________________ (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)
Басқа 1.2. (мемлекеттік органның атауы) ______________ жыл бойынша (есептік кезең) операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі
Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, іске асырылуы бойынша мониторинг жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан (мемлекеттік органның атауы) ______________ жыл бойынша (есептік кезең) операциялық жоспарды іске асыру туралы есебі Мемлекеттік органның іс-шаралары № р/с Ата­уы Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы Орын­да­лу мер­зі­мі Аяқ­та­лу ны­са­ны Іс-ша­ра­лар­дың нақ­ты орын­да­луы Орын­дал­мау се­беп­те­рі Ұсы­ным­дар, оның ішін­де опе­ра­ци­я­лық жос­пар­ға өзге­рі­стер ен­гі­зу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар 1 2 3 4 5 6 7 8 I. Стра­те­ги­я­лық жос­пар­дың мақ­сат­та­ры мен ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ла­ры­на қол жет­кі­зу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар 1-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт 1-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 1.1-мақ­са­ты 1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар n-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2-стра­те­ги­я­лық ба­ғыт 1-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2-мак­ро­ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар 2.1-мақ­са­ты 1-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар n-ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор Іс-ша­ра­лар II. Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ере­же­сін­де ай­қын­дал­ған өзге де мін­дет­тер­ді ше­шу­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар Операциялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы ________________________________________________________________________________ (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (қолы)