Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және жағдайлары жөніндегі ережелерді бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.12.2004 № 866 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдагы
№ 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру
жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қогамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін
орындауда, Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және
жағдайлары жөніндегі қосылып отырған ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау басқармасы (Е.В.Скаредина) қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыруда осы ережелерді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің
орынбасары С.Б. Бөрібаеваға жүктелсін.
Басқа 4. ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Рудный қаласы әкімиятының
2002 жылғы 27 қарашадағы № 854
қаулысымен бекітілген
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ
ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі және ұйымдастыру
жөніндегі осы ережелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19
маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
мен қаржыландыру ережелеріне сәйкес әзірленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін
уақытша жұмыс орындарын беретін ұйымдармен негізгі шарттар мен есеп
айырысу жүйесін реттейді.
2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар
ұйымдастыратын, жұмыскердің қосымша кәсіптік дайындығын талап етпейтін,
пайдалы әлеуметтік бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен
қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеттік
органның бағыты бойынша азаматтармен орындалатын еңбек қызметінің
түрлері;
Тармақша 2
2) Жергілікті атқарүйы орган (әкімият) - қала әкімі басқаратын, тиісті
аумақты өз құзыры шегінде жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын
алқалық атқарушы органы;
Тармақша 3
3) Нысаналы топтар- «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен
белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік
көмекті қажет ететін адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті атқарушы орғаңдардың шешімі бойынша қалалық еңбек,
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қоғамдық
жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға
шарт жасайды.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын құру
жолымен жүргізіледі және жергілікті бюджет қаражаттары есебінен
қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және
ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысын төлеуге арналған
қаражаттарды әсерлі пайдалану мақсатында, жергілікті атқарушы органдар
жергілікті бюджет қаражаттары есебінен келесі іс-шаралардьі жүзеғе асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраным және ұсынысты анықтайды;
Тармақша 2
2) ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері мен
нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды
қаржыландырудың көздерін бекітеді;
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді қалалық еңбек,
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік басқармасы қала әкімиятының
қаулысымен бекітілген ұйымдарда жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар, қоғамдық жұмыстарға
қатысуға басымдық құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жағдайлары және көздері
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жағдайлары және көздері
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбекақысын
төлеуді жұмыс беруші ай сайын жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес
және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты
жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың
еңбекақысын жергіліктк бюджет қаражаты есебінен Рудный қаласы
әкімиятының қаулысымен белгіленген мөлшерде қайтарылады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылаты, қоғамдық
жұмыстарды орындаумен байланысты, сәйкестік жылға Қазақстан
Республикасы заңнамалық актісімен тиісті жылғы белгілеген ен төменгі жалақы
көлеміндегі төлемдер жеке табыс және әлеуметтік салықтарға жатпайды.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер жергілікті бюджет қаражатынан ақшалай түсімдерді
қатаң мақсатпен қолданады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілер жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақылары
бойынша шығыстарды қайтару үшін қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмысқа жаңадан қабылданғандар
жөніндегі бұйрықтан көшірме, жұмыс уақытын есептеу табелін, жалақы
есептеудің ведомость-есебін, орындалған жұмыстардың актісін
ұсынады.Көрсетілген құжаттарды беру мерзімі қоғамдық жұмыстарды
орындауға қызмет көрсету жөніндегі шартпен регламенттеледі.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа
жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді, денсаулыққа
келтірілген зақым немесе басқа да зияндардың орнын толтыруды жұмыс беруші
қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізеді.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін
бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар
жүзеге асырады.