Об утверждении правил организации и финансирования социальных рабочих мест Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.12.2004 № 866 қаулысымен. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 мамырдағы № 102 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу мақсатында Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы қосылып отырған ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Рудный қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Е.В. Скаредина) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруда және қаржыландыруда осы ережелерді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары С.Б. Бөрібаеваға жүктелсін.
Басқа 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері
Рудный қаласы әкімиятының 2002 жылғы 27 қарашадағы № 85 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелер халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік үлгісіне қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны- жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ііДіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар- «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуду қиыншдық көріп жүрген және әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар топтары.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заң шығару актілері тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын жергілікті (қалалық) бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе кұрылады.
Тармақ 6
6. Калалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбекақы шығынына ішінара өтемді төлеуге қызмет корсету жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатымен және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет қаражаты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімияты жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы - топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен келісімге сәйкес ұйымдарда жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие .
Тарау 3. 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ КӨЗДЕРІ
3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ КӨЗДЕРІ
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және еңбек шартына сәйкес және орындалган жұмыстың күрделілігі мен сапасына,санына байланысты жұмыс берушілермен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың әрқайсысына жұмыс істеген уақытына еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны жергілікті (қалалық) бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айга дейінгі мерзімге өтеледі. Бюджет қаражатын аудару жоніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті (қалалық) бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер жергілікті (қалалық) бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын өтеуге пайдаланады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер жергілікті (қалалық) бюджет қаражатынан еңбекақылары бойынша шығыстарды қайтару үшін қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жұмысқа жаңадан қабылданғандар жөніндегі бұйрықтан көшірме, жұмыс уақытын есептеу табілін, жалақы есептеудің ведомость-есебін, орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Көрсетш/ен қүжаттарды беру мерзімі әлеуметтік жұмыстарға орналасуда қызмет көрсету жөніндегі шартпен регламенттеледі.
Тарау 4. 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ
4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ
Тармақ 15
15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.