Об утверждении Правил предоставления инвалидам технических средств передвижения (колясок) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерге жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбалар) беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заңының 35-бабының негізінде Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының әкімияты ұсынып отырған, мүгедектерге жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбалар) берудегі қоса берілген ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға және облыстық мәслихаттың білім беру, денсаулық сақтау, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 3. Мүгедектерге жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбалар) беру ережесі
Қостанай облыстық мәслихатының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 244 шешімімен бекітілген Мүгедектерге жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбалар) беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектерге жүріп тұратын техникалық құралдарын осы Ережемен белгіленген тәртіппен мүгедектің тұратын жері бойынша тегін беруді облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (әрі қарай - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбаларды) тегін алуға мүгедектердің төмендегі санаттары құқылы:
Тармақша 1
1) жалпы аурулардан болған мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар, бала кезден мүгедек болғандар;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер;
Тармақша 3
3) әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқасы), ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамдарын арасындағы әскери қызметтегі міндеттерді (қызметтік міндеттерді) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың нәтижесінде жараланудан болған мүгедектер, немесе әскери және қызметтік борышты орындауға байланысты емес мүгедек болған мүгедектер;
Тармақша 4
4) әскери қызметті атқарғанда жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер), ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің арасындағы мүгедектер;
Тармақша 5
5) себеп-салдар байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар салдарынан мүгедек болғандар. Кәсіби ауру немесе еңбек жарақаты салдарынан мүгедек болған қызметкерлер жұмыс берушінің қаражаты есебінен техникалық жүріп тұру құралдарымен (арбалар) қамтамасыз етіледі, егер мүгедектер кәсіби ауруға шалдыққан немесе еңбек жарақатын алған кезде олармен еңбек қатынасында тұрса.
Тармақ 3
3. Мүгедектерге жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбалар) беру жөніндегі құжаттарды ресімдеу мен есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді.
Тарау 2. 2. Қажет құжаттардың тізбесі
2. Қажет құжаттардың тізбесі
Тармақ 4
4. Жүріп тұратын техникалық құралдарын (арбаларды) тегін алуға құқығы бар адам уәкілетті органға уақытын көрсетіп, арыз береді.
Тармақ 5
5. Арызға төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:
Тармақша 1
1) халықты әлеуметттік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органының мүгедекті арбамен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы қорытындысының көшірмесі;
Тармақша 2
2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органының мүгедектік тобын белгілеу туралы куәландыру актісінен көшірме. Қажет жағдайда радиациялық ықпалға шалдыққан немесе төтенше экологиялық жағдайдың салдарынан мүгедек деп танылған адамдардың қайтыс болуының, мүгедектігінің, ауруының себеп байланысын анықтау жөніндегі ведомствоаралық сараптау кеңесінің шешімі;
Тармақша 3
3) тұрғылықты тұратын жерде тіркелгені туралы құжат;
Тармақша 4
4) жеке куәліктің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедектер үшін) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 6
6. Бұдан басқа төмендегі құжаттар тапсырылады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мүгедектердің санаттары үшін: көрсетілген әлеуметтік дәрежені растайтын куәліктің көшірмесі;
Тармақша 2
2) осы Ереженің 2-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген мүгедектердің санаттары үшін: (әскери қызметшілер үшін) әскери билеттің көшірмесі, ішкі істер органдарында қызмет өткергенін растайтын ішкі істер бөлімдерінің анықтамасы; емдеу мекемесі берген сырқат туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 7
7. Мүгедекті жүріп тұратын техникалық құралдарымен (арбалармен) қамтамасыз ету үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшін көшірмелері уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедекке қайтарылады. Қабылданған арыздар нөмірленіп тігілген тіркеу кітабына реттік нөмірі мен уақыты көрсетіліп тіркеледі. Арызға жорналға сәйкес реттік нөмір мен уақыты жазылады, жауапты адам қол қояды. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және іске ресімдейді.
Тарау 3. 3. Мүгедекке жүріп тұратын техникалық құралын (арба) беру тәртібі
3. Мүгедекке жүріп тұратын техникалық құралын (арба) беру тәртібі
Тармақ 8
8. Уәкілетті органның мүгедекке жүріп тұратын техникалық құралын (арба) беру немесе беруден бас тарту туралы шешімі мүгедек барлық қажет құжаттармен бірге арыз бергеннен кейін 10 күн ішінде қабылданады. Арбаны беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган бұл туралы мүгедекке жазбаша хабарлайды. Уәкілетті органның шешімінің көшірмесі мүгедектің ісінде сақталады.
Тармақ 9
9. Құжаттардың біреуінің жетіспеуі мүгедекке жүріп тұру құралын (арба) беруден бас тартуға әкеліп соғады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган мүгедектерге арбаны берген арыздарының (жорналдағы тіркелген) кезек тәртібімен береді.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган арбаны бере алмаған жағдайда ақшалай өтемақы төленбейді.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган мүгедектерге тиісті модификациядағы арбаны халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органының қорытындысына сәйкес береді.
Тармақ 13
13. Вело-кресло-арбалар және қыдыру арбалары төрт жылға пайдалану мерзіміне, үйде жүретін арбалар — бес жылға және кіші қарамды арбалар — бір жарым жылға беріледі.
Тармақ 14
14. Арбалар мүгедектерге пайдалану мерзім ішінде бір рет ғана беріледі. Уәкілетті органның мүгедектерге тегін беретін арбаларын мерзімінен бұрын айырбастау жүргізілмейді.
Тармақ 15
15. Арбаны пайдаланғанда жөндеу, босалқы бөлшектерді сатып алу мүгедектің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мүгедекке көрсетілген шығынға ақшалай өтемақы берілмейді.
Тармақ 16
16. Мүгедекке арба беру жөніндегі іс қағаздарды уәкілетті орган тиісті жорналда тіркейді.
Тармақ 17
17. Құжаттарды қасақана бұрыс ресімдегені және арбаны заңсыз бергені үшін кінәлі адам заңнамамен белгіленген тәртіппен жауап береді.
Тарау 4. 4. Жүріп тұру техникалық құралдары (арбаларды) сатып алу және бөлу тәртібі
4. Жүріп тұру техникалық құралдары (арбаларды) сатып алу және бөлу тәртібі
Тармақ 18
18. Арбаларды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы облыстық бюджеттің қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес сатып алады. Арбаларды сатып алу тиісті жылға қаралған қаражат көлемінде 258-57-00 «Жергілікті деңгейдегі мүгедектерді әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламаның, 258-57-33 «Техникалық және басқа да құралдармен қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы техникалық жүріп тұру құралдарын (арбаларды) мүгедектердің тұрғылықты жері бойынша аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларына арбаларды тегін алуға құқығы бар мүгедектердің арыздарының кезегіне сәйкес бөледі. Техникалық жүріп тұру құралдарын (арбаларды) бөлгенде мүгедектің аты-жөні, тегі, мекен-жайы, арбаның модификациясы көрсетіліп, алыс-беріс актісі жасалады. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары мүгедектердің тұрған жерлеріне арбаны жеткізуді қамтамасыз етеді. Арбаны бергенде мүгедектердің арбаны алғаны туралы, модификацияны және уақытты көрсетіп, жүкқұжат ресімделеді. Жүкқұжат істе сақталады.