Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении расходов на погашение вознаграждения по ипотечным жилищным займам, полученным физическим лицом на приобретение жилья в Республике Казахстан, и Правил ее составления Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 5 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқа 1. 20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 201 __ жылғы «__» __ № __ бұйрығына 1-қосымша нысан 20 __ жылғы __ бастап 20 __ жылғы __ дейінгі кезең үшін Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабы Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы _____________ ___________________________________________________________________________________________ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________________________________ № р/с Жеке тұлға бойынша мәлімет Банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарыздарының шарты Есепті кезең үшін сыйақы сомасы Жеке сәйкестендіру нөмірі Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Құжаттың күні Құжат тың № Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу кестесі бойынша Төлеу фактісі бойынша сомасы (теңге) күні сомасы (теңге) күні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 _________________________________________________________________________________________ Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (электрондық цифрлық қолтаңба) Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефон нөмірі _________________________ Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымының мекен-жайы _____ _________________________________________________________________________________________
Басқа 1.1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанына қосымша Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысаны мынадай деректерді қамтиды: 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі; 2-бағанда – жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі; 3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); 4-бағанда – банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарыздары шартының күні; 5-бағанда – банкпен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ипотекалық тұрғын үй қарыздары шартының нөмірі; 6-бағанда – ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу кестесі бойынша сыйақы төлеу сомасы, теңгемен; 7-бағанда – ипотекалық тұрғын үй қарыздарын өтеу кестесі бойынша сыйақыны төлеу күні; 8-бағанда – есепті кезең үшін іс жүзінде төленген сыйақы сомасы, теңгемен; 9-бағанда – іс жүзінде төленген күні.
Тармақ 2
2. Талап банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы басшысының немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Басқа 2. Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 201__ жылғы «__» __ № __ бұйрығына 2-қосымша Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысанын жасау тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Талапты жасау тәртібі
2-тарау. Талапты жасау тәртібі
Тармақ 2
2. Талапты банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
Тармақша 1
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – хабарламаларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып;
Тармақша 2
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жасайды.
Тармақ 3
3. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талапты жасау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында жасалады және ұсынылады.
Тармақ 4
4. Талап жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалатын шығыстарды растайтын мәліметтерді толтыра отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Мәліметтер әрбір қарыз бөлігінде жеке ұсынылады.