Об утверждении формы требования органов государственных доходов о подтверждении сведений о расходах на образование, произведенных физическим лицом на территории Республики Казахстан, и Правил ее составления Күшін жойған
Басқа 0
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын және оны
жасау қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талаптарының нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 388 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14177 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 7 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Басқа 1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 18 ақпаны
№ 161 бұйрығына
1-қосымша
нысан
Білім беру ұйымның немесе дара кәсіпкердің атауы ____________________
_________________________________________________________________
Білім беру ұйымның немесе дара кәсіпкердің жеке/бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________
№ р/с
Жеке тұлға бойынша мәлімет
Білім беру қызметтерді көрсетуге арналған шарт
Білім беру қызметінің құны,
теңгемен
Білім беру қызметін алған
күні
Білім беру қызметінің төленген сомасы, теңгемен
Білім беру қызметінің төленген күні
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде)
Құжаттың күні және нөмірі
Қызмет атауының коды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
_________________________________________________________________
Білім беру ұйымы басшысының немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (электрондық цифрлық қолтаңба)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), телефон нөмірі
_________________________________________________________________
Білім беру ұйымның мекен-жайы
_________________________________________________________________
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанына
қосымша
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 1
1. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысаны мынадай деректерді қамтиды:
1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
3-бағанда – Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның немесе оның асырауындағы он сегiз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
4-бағанда – білім беру қызметін көрсетуге арналған құжаттың (шарттың) күні және нөмірі;
5-бағанда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің мынадай деңгейлері бойынша білім беру қызметін көрсетуге арналған шартқа сәйкес қызмет атауының коды:
Тармақша 1
1) 001 – Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;
Тармақша 2
2) 002 – Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша техникалық және кәсіптік білім;
Тармақша 3
3) 003 – Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын білім беру ұйымдарында осындай қызмет түрлерін жүргізу құқығына тиісті лицензиялар бойынша орта білімнен кейінгі, жоғары білім;
Тармақша 4
4) 004 – Салық кодексінің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білімнен кейінгі, жоғары білім;
6-бағанда – білім беру қызметін көрсетуге арналған шартқа сәйкес білім беру қызметінің құны, теңгемен;
7-бағанда – білім беру қызметін көрсетуге арналған шартқа сәйкес білім беру қызметін алған күні;
8-бағанда – білім беру қызметін алғаны үшін іс жүзінде төленген сомасы, теңгемен;
9-бағанда – іс жүзінде төленген күні.
Тармақ 2
2. Талап білім беру ұйымы басшысының немесе дара кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Басқа 2. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 18 ақпаны
№ 161 бұйрығына
2-қосымша
Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының нысанын жасау қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 112-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарымен Жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы мемлекеттік кірістер органдары талабының (бұдан әрі – Талап) нысанын жасау тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Талапты жасау тәртібі
2-тарау. Талапты жасау тәртібі
Тармақ 2
2. Талапты білім беру ұйымдары:
Тармақша 1
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар – хабарламаларды кепілді жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электрондық тәсілмен және басшының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырып;
Тармақша 2
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар – өзі келу тәртібімен немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жасайды.
Тармақ 3
3. Талап жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында жүргізген білім беруге жұмсалатын шығыстарды растайтын мәліметтерді толтыра отырып, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мәліметтер әрбір қызмет бөлігінде жеке ұсынылады.
Тармақ 4
4. Ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша Талапты жасау мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ техникалық қателер туындаған жағдайда Талап электрондық түрде «Microsoft Excel» не «Microsoft Access» форматында жасалады және ұсынылады.