О некоторых вопросах закрытого акционерного общества "Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2025 № 457 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудің тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 15 сәуірдегі N 342 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудің тәртібінде: 3-тараудың 2-тармақшасының үшінші абзацы "жекелеген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде өсімдіктерді қорғау құралдарын арзандату 100 процентке дейін жүргізілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамына "Рон-Пуленк Агро Қазақстан" фирмасы 1997 жылы Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берген гербицидтердің нақты құны бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарын 100 процентке дейін арзандатуды жүргізуге рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1997 жылы Ақмола және Қостанай облыстарының ауыл шаруашылығы ұйымдарына берілген гербицидтер үшін берешектерді өтеу туралы" 1998 жылғы 22 шілдедегі N 679 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.