Об утверждении тарифов на регулярные социально значимые перевозки пассажиров Актюбинской области Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
_____________ С. Қалдығұлова
2020 жылғы «____» ___________
Басқа 7
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2020 жылғы 20 ақпандағы
№ 997 қаулысына қосымша
Ақтөбе облысының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері
№
Маршрут атауы
Жол ақысы (бір бағытта, теңгемен)
1
Ақтөбе - Алға
400
2
Ақтөбе - Қайнар
600
3
Ақтөбе - Маржанбұлақ
150
4
Ақтөбе - Темірбек Жүргенов
2000
5
Ақтөбе - Қарауылкелді
1500
6
Ақтөбе - Бадамша
700
7
Ақтөбе - Әлімбет
800
8
Ақтөбе - Ырғыз
2300
9
Ақтөбе - Қобда
600
10
Актобе - Мәртөк
400
11
Ақтөбе - Мәртөк - Жайсаң
600
12
Ақтөбе - Сарыжар
200
13
Ақтөбе - Родниковка
350
14
Ақтөбе - Қаратоғай
300
15
Ақтөбе - Қандыағаш
700
16
Ақтөбе - Ембі
1500
17
Ақтөбе - Ойыл
1500
18
Ақтөбе - Темір
850
19
Ақтөбе - Шұбарқұдық
1500
20
Ақтөбе - Кенкияқ - Саркөл
2000
21
Ақтөбе - Жаңажол
2200
22
Ақтөбе - Хромтау
600