Об утверждении спортивной этики Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының спорттық әдебі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының спорттық әдебі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының спорттық әдебі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының спорттық әдебі (бұдан әрі – Спорттық әдеп) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылар мен спорт төрешілерінің мінез-құлығының негізгі ережелерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның сайыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 2
2) жеке жаттықтырушы - спортшыны спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасынан тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 3
3) спорт төрешiсі - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;
Тармақша 4
4) спорттық әдеп - спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері үшін белгіленген мінез-құлық қағидалары;
Тармақша 5
5) спорттық жарыс - бекітілген ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс;
Тармақша 6
6) спорттық іс-шара - спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны.
Тарау 2. 2-тарау. Мінез-құлық ережелері
2-тарау. Мінез-құлық ережелері
Тармақ 3
3. Спортшылар, жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар және спорт төрешілері:
Тармақша 1
1) қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын алкогольдік, есірткілік немесе уыт-құмарлық мас күйінде болуына жол бермейді;
Тармақша 2
2) адал ойын және адал спорттық жарыс қағидаттарын сақтайды;
Тармақша 3
3) ұлттық командалардың өкілдеріне, қарсыластарына, көрермендерге және спорттық жарыстарды ұйымдастырушыларға спорттық іс-шараларда құрметпен қарайды;
Тармақша 4
4) басқа спортшылардың, волонтерлердің құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтейді, сонымен қатар оларға қатысты кемсітушілікке жол бермейді және спорттық іс-шаралар мен марапаттау рәсімдері өтетін жерлерде саяси шерулерге қатыспайды;
Тармақша 5
5) өзінің спорттық беделіне зиян келтіруі мүмкін даулы жағдайлардан аулақ болады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне, сондай-ақ спорттық жарыстарға қатысушы елдердің мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясын, мәтінін біледі;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау кезінде Спорттық әдептің этикалық нормаларын ұстанады;
Тармақша 9
9) төреші шешіміне құрметпен қарайды және көпшілік даулардан аулақ болады;
Тармақша 10
10) спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша алынған спорттық марапаттарға (кубоктарға, медальдарға, грамоталарға және дипломдарға) ұқыпты және құрметпен қарайды;
Тармақша 11
11) спорттық жарыстарда марапаттау рәсіміне қатысады;
Тармақша 12
12) спорттық жарыстарда, марапаттау рәсімі кезінде, ресми суретке түсіру және масс-медиамен жұмыс істеу кезінде спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық командасының немесе өзінің спорт клубының спорттық костюмдерінде болады;
Тармақша 13
13) спорттық іс-шараны жариялайтын масс-медиа өкілдерінің жұмысына құрметпен қарайды;
Тармақша 14
14) басқа спортшыларға еліктеу үшін үлгі ретінде өнер көрсетеді;
Тармақша 15
15) спорттық жарыстардың ережесін (регламентін) сақтайды.
Тармақ 4
4. Спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға және спорт төрешілеріне:
Тармақша 1
1) оқу-жаттығу процесіне қатысы бар ақпаратты жария етуге;
Тармақша 2
2) спорттық іс-шара кезінде немесе одан кейін былапыт сөздер мен нормативтік емес лексиканы, қорлау қимылдарын пайдалануға;
Тармақша 3
3) спорттық жарыстардың немесе оқу-жаттығу жиындарының барысын себепсіз бұзатын немесе араласатын не Қазақстан Республикасының беделіне немесе имиджіне теріс әсер ететін кез келген әрекет немесе мінез-құлыққа;
Тармақша 4
4) ым тілі мен мимиканы қоса алғанда, жазбаша немесе ауызша түрде спорттық іс-шараны өткізу алдында, өткізу кезінде және (немесе) өткізгеннен кейін қандай да бір адамға қауіп төндіруге;
Тармақша 5
5) командада өзінің діни нанымдарын ашық көрсетуге және басқа адамдарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға мәжбүр етуге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Жеке жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар спортшылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін білуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының басшылары Спорттық әдеп мәтінін дене шынықтыру және спорт ұйымдарында, дене шынықтыру -сауықтыру және спорт ғимараттарында көрнекі жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Дене шынықтыру-спорт ұйымы жаттықтырушымен, жаттықтырушы-оқытушымен, төрешімен еңбек шарты және спорттық қызмет туралы шарт жасалған күні, сондай-ақ спортшы дене шынықтыру-спорт ұйымына қабылдаған күні оларды Спорттық әдеп мәтінімен жазбаша нысанда таныстырады.