Об утверждении норм потребления сжиженного нефтяного газа в Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағы 34) тармақшасына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағы 6-2) тармақшасына, «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысында газ есептеу құралдары жоқ кезінде сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары айына бір адамға шаққанда 6,9205 килограмм мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 127 «Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысының (2015 жылғы 2 маусымда «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3256 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.