Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима Күшін жойған
Басқа 0
Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 2408 ұсынысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» 2014 жылғы 25 маусымдағы № 286 (2014 жылғы 5 тамызда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4952 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Әкімдіктің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 286 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 186 (2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7044 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 10. Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ
Қостанай
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 2 наурыздағы
№ 87 қаулысына
қосымша
Костанай облысының аумағында карантиндік режим енгізілетін карантиндік аймақ
№
Аудандар мен қаланың атауы
Залалдану алаңы (гектар)
Өңдеу алаңы (гектар)
1
Алтынсарин
43 206
790,27
2
Амангелді
9 655
345,652
3
Арқалық қаласы
65 106
447,4307
4
Әулиекөл
51 459
146,792
5
Бейімбет Майлин
23 802
673,862
6
Денисов
68 429
166,893
7
Жангелдин
360
149,3072
8
Жітіқара
16 260
35,4844
9
Қамысты
6 617
26,9
10
Қарабалық
13 349
201,5233
11
Қарасу
131 452,2
589,6014
12
Қостанай
38 604
405,0674
13
Меңдіқара
26 781
63,61
14
Науырзым
24 671,795
738,5653
15
Сарыкөл
44 567
100,277
16
Ұзынкөл
30 220
151,4946
17
Федоров
45 662
590,17
Облыс бойынша барлығы
640 200,995
5622,9003