Об определении перечня социально значимых сообщений по Меркенскому району Күшін жойған
Басқа 0
Меркі ауданы бойынша әлеуметтік
маңызы бар қатынастардың тізбесін
айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы маслихатының кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгзіледі.
Басқа 4. Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
Жамбыл облыстық мәслихатының
2020 жылғы 27 ақпаны № 43-3
шешіміне қосымша
Меркі ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
№
Елді мекендердің атауы
Қатынас
1.
Меркі ауданы
Меркі – Талдыбұлақ
2.
Меркі ауданы
Меркі - Гранитогорск
3.
Меркі ауданы
Меркі – Қарасу ауылы