Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы
төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес және 2020 жылғы 28 ақпандағы Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын - алу және жою жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысының хаттамасы негізінде, Орал қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шолохов көшесі бойындағы Д-1000 мм өзін-өзі ағатын канализациялық коллектордағы апатқа байланысты, жағдай қалыптасқанға дейін Орал қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайдың салдарын жою басшысы болып Орал қаласының әкімінің орынбасары М.Мүлкәй тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы (Ж.Салимов) зардап шеккен объектілерге тексеру жүргізсін.
Тармақ 4
4. Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы (И.Джазыкбаев) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.