Об утверждении Правил выдачи акта экспертизы ветеринарными лабораториями по результатам диагностики или ветеринарно-санитарной экспертизы объектов государственного ветеринарного надзора Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау, нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың сараптау актiсiн беру туралы Ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.09.26 № 11-03/472 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған, мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың сараптау актiсiн беру туралы Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Ветеринариялық департаментiне (Мыңжанов М.Т.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық, аумақтық басқармаларымен, Астана және Алматы қалалары, бiрлесе отырып, заңнамада белгiленген тәртiпте, осы бұйрықтан туындайтын керектi шаралар қабылдансын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінің мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Министр
Басқа 0. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектілерiне
диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық
сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың
сараптау актiсiн беру туралы Ережесi
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
4 желтоқсан 2002 жылғы
N 399 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектілерiне
диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық
сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың
сараптау актiсiн беру туралы Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлерiне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижесiнде ветеринариялық зертханалар сараптау актiсiн беру туралы Ережесi (әрi қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы бойынша жасалған және ветеринариялық лабораториялармен, ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргiзетiн лабораториялар орындаулары мiндеттi болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Yкiметi 1996 жылғы 2 қазанда бекiткен "Ветеринария саласы бойынша нормативтi құқықтық және басқа да актiлердi бекiту" туралы қаулысындағы жануарлардың, аса қауiптi ауруларының тiзбесiне енген (әрi қарай - Тiзбе) ауруларды диагностикалау кезiндегi сараптау актiсiн, тек қана мемлекеттiк ветеринариялық зертханалар бере алады. см. P030407
Тармақ 3
3. Ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары ветеринариялық-санитариялық сараптау жасауға келiп түскен материалда Тiзбедегi аса қауiптi жануарлар ауруларының барына күдiктенгенде, ол туралы, сол аумақтың ветеринариялық инспекторына хабарлайды:
Тармақша 1
1) Әрi қарай диагностикалау үшiн, сараптау актiсiне алғашқы диагнозын жазып, оны мемлекеттiк ветеринариялық зертханаға жолдайды;
Тармақша 2
2) ветеринариялық инспектор сараптау актiсi негiзiнде тиiстi шараларды қолданады.
Тарау 2. 2. Осы Ережеде қолданылған негiзгi ұғымдар
2. Осы Ережеде қолданылған негiзгi ұғымдар
Тармақ 4
4. Осы Ережеде мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сараптау актiсi - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау объектiлер диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ветеринариялық зертханалар беретiн, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдардың талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат;
Тармақша 2
2) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеру;
Тармақша 3
3) ауруларды диагностикалау - әртүрлi тәсiлдермен және техникалық құралдармен зерттеулер негiзiнде аурулардың белгiлерiн анықтау;
Тармақша 4
4) зерттелетiн материал - ауруларды диагностикалауға және ветеринариялық-санитариялық сараптау жасауға мемлекеттiк ветеринариялық бақылау жүктерiнен алынатын сынамалар;
Тармақша 5
5) бақылау материалдары - бақылау зерттеулерiн жүргiзуге арналған кешендi диагностикалық және аналитикалық препараттар;
Тармақша 6
6) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы - базарларда және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер - жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп, жемшөп қоспалары;
Тармақша 8
8) жануарлардан алынатын өнiмдер - тиiсiнше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнiмдерi;
Тармақша 9
9) жануарлардан алынатын шикiзат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсiпте пайдаланылатын терi, жүн, түк, қыл, бағалы аң терiсi, түбiт, мамық, қауырсын, эндокриндiк бездер, iшек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ және басқа өнiмдер;
Тармақша 10
10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өз өкiлеттiлiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк орган.
Тарау 3. 3. Сараптау актiсiн жасау тәртiбi
3. Сараптау актiсiн жасау тәртiбi
Тармақ 5
5. Жануарлардың ауруын диагностикалағанда микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, вирусологиялық, микрологиялық, серологиялық, биохимиялық, химико-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер қорытындысы негiзiнде сараптау актiсi жасалынады.
Тармақ 6
6. Егер келiп түскен материалдар бiрнеше бөлiмдерде зерттелсе, онда әр бөлiм алынған нәтижелер бойынша кезекаралық сараптау актiсiн жасайды:
Тармақша 1
1) Кезекаралық сараптау актiсi зерттеу жетекшiсiне берiледi;
Тармақша 2
2) зерттеу жетекшiсi кезекаралық сараптау актiсi негiзiнде жалпы қортынды сараптау актiсiн 2 қосымшаға сәйкес жасайды.
Тармақ 7
7. Серологиялық және биохимиялық зерттеулер нәтижесiнiң сараптама актiсiне қоса қан алынған жануарлардың тiзiмiнiң бiр данасын қоса бередi.
Тармақ 8
8. Жануарлардан алынған өнiм мен шикiзатқа ветеринариялық-санитариялық сараптау өткiзгенде органолептикалық, биохимиялық, микроскопиялық, паразитологиялық, уыттық және радиобиологиялық зерттеулер негiзiнде сараптау актiсi жасалады.
Тармақ 9
9. Сараптау актiсiнде келесiлер көрсетiледi:
Тармақша 1
1) материалдың келiп түскен күнi;
Тармақша 2
2) серiктестiрiлу құжатының тiркеу нөмiрi;
Тармақша 3
3) аталуы (патологиялық материал, қан, қан сарысуы, жемшөп, жемшөп қоспалары, жануарлардан алынған өнiм мен шикiзаты және басқалар) және сипаттамасы (салқындатылған, қатырылған, сұйық, құрғақ және басқадай);
Тармақша 4
4) жүктiң жалпы саны, алынған сынамалардың саны;
Тармақша 5
5) өндiрушi ел, өндiрiлген уақыты және қолдану мерзiмi;
Тармақша 6
6)зерттеу кезiнде пайдаланылатын бақылау материалдары (диагностикумдардың аталуы, жасаушы, шығарылған айы, күнi, жарамды уақыты);
Тармақша 7
7) зерттеу түрлерi мен зерттеудiң барысы (органолептикалық, микроскоптық, бактериологиялық, биологиялық және басқада);
Тармақша 8
8) зерттеудiң қортындысы (алынған микробтың немесе паразиттiң түрi, қанның биохимиялық зерттеуiнiң нәтижесi және басқада);
Тармақша 9
9) зерттеу объектiсiнiң ары қарай пайдалануға/пайдаланбауға, сай/сай еместерi туралы, анықталған диагнозы.
Тармақ 10
10. Әр-түрлi сиямен және қолмен (қол қойғаннан басқа), сондай-ақ қателерi түзетiлген, қолсыз немесе мөрсiз, барлық керектi мәлiметтерi көрсетiлмеген, сонымен қатар берiлген айы, күнi көрсетiлмеген сараптау актiлерi жарамсыз болып есептеледi.
Тарау 4. 4. Сараптау актiсiн беру тәртiбi
4. Сараптау актiсiн беру тәртiбi
Тармақ 11
11. Сараптау актiсi, зерттеуге жiберген материалдардың иесi заңды немесе жеке тұлғаға берiледi.
Тармақ 11-1
11-1. Қазақстан Республикасы аумағына/аумағынан тамақ өнімдерін әкелгенде (импорттағанда) және әкеткенде (экспорттағанда) ветеринариялық-санитариялық сараптау жасау мен сараптау актісін беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
📌 Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 92 бұйрығымен.
Тармақ 12
12. Белгiленген (Қосымша 1) нысан бойынша, сараптама актiсiн зерттеудiң жетекшiсi рәсiмдеп, бөлiм меңгерушiсi мен зерттеудi жүргiзген ветеринариялық маманмен бiрге қол қояды.
Тармақ 13
13. Сараптау актiсiне, зерттеу жүргiзiлген мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
Тармақ 14
14. Сараптау актiсiн беру кезiнде, оған реттік нөмiрi мен берiлген айы, күнi жазылып сараптау актiсiн беру журналына тiркейдi.
Тармақ 15
15. Сараптау актiсiн екi дана қылып ресiмделедi, бiреуi зерттелетiн материалдың иесi заңды немесе жеке тұлғаға берiледi, ал екiншiсi зертханада сақталады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ветеринариялық зертханалар, сонымен қатар ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары беретiн сараптау актiлерi мынандай мерзiмге жарамды:
шектеусiз - ауруларды диагностикалағанда;
шектеулi - мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердi ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзгенде, олардың қолдану мерзiмдерi сақтаудың, өткiзудiң және тасымалдаудың шарттарының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiне байланысты көрсетiледi.
Тармақ 17
17. Экспортқа/импортқа жататын өнiмге, Халықаралық стандарттың талаптары бойынша (ИСО), зерттеудiң жетекшiсi, бас зерттеушi және сапаға кепiлдiк беру бөлiмiнiң ветеринариялық маман-инспекторы қолдары қойылған қорытынды есеп жасалынады және оны зерттеу жүргiзген мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
Тармақ 18
18. Қортынды сараптау актiсi үш данада толтырылып, оның бiрiншiсiн ветеринария саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi органдардың облыстық аумақтық бөлiмдерiне, екiншiсi - заңды немесе жеке тұлғаға берiледi, үшiншiсi - ветеринариялық зертханада сақталады.
Тарау 5. 5. Жауаптылық
5. Жауаптылық
Тармақ 19
19. Сараптау актiсiндегi мәлiметтер дұрыс болмаған жағдайда оған жауапты тұлға, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жауапты.
Басқа 1. Сараптау актісі N ____________
Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау
объектiлерiне диагностика немесе
ветеринариялық-санитариялық сараптау,
нәтижесiнде ветеринариялық зертханалардың
сараптау актiсiн беру туралы Ережесiне
1-қосымша
Ветеринарнарлық Кімге ___________________________________
зертхананың заңды тұлғаның аталуы жеке тұлғаның
мөртабаны аты, жөні, материалдың иесінің аты-жөні
мекен-жайы ______________________________
Сараптау актісі N ____________
Материалдың/өнімнің жеткізілген айы, күні "___" ____________ 200__ж.
Ветеринариялық зертхананың серіктестірілген құжаттарды тіркеу нөмірі
______________________
Материалдың аталуы және сипаттамасы ________________________________
___________________________________________________________________
Жүктің жалпы саны _______________ сынама алынды _____________
шт. тонн. лит. шт.
Өндірген ел, өндірілген уақыты, сақталу мерзімі ___________________
___________________________________________________________________
Қолданған бақылау материалдары (диагностикумдар) __________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тексерудің тәсілдері және орындау барысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сараптаудың қорытындысы: ___________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тұжырым ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сараптама актісі берілген айы, күні "___" ____________ 200 __ ж.
Сараптама актісінің жарамды мерзімі "___" ____________ 200 __ ж.
Ветеринариялық зертхананың жетекшісі _______________________________
аты-жөні, қолы
Бөлім менгерушісі __________________________________________________
аты-жөні, қолы
Орындаушы, ветеринариялық маман ____________________________________
аты-жөні, қолы