Об установлении предельной величины процентной ставки комиссионного вознаграждения акционерного общества «Государственный фонд социального страхования» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының
2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда әлеуметтік аударымдардың, әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдың, инвестициялық кірістің Қор шотына келіп түскен сомаларының 0,78 пайызынан асырмай белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 937 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.