Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) Академией правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан и расходования ею денег от реализации товаров (работ, услуг) Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы №1093 Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті туралы ереженің 20 тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаменті басшысының
20__ жылғы «__»____№__
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Академия) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
2-тарау. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі
Тармақ 2
2. Академия «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 3-тармағында, көзделген тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету туралы шарт жасасу жолымен ақылы негізде өткізеді.
Тармақ 3
3. Академияның ақылы қызмет түрлеріне мына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтерді) өткізілуі жатады:
Тармақша 1
1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 2
2) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 3
3) оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу: семинарлар, кеңестер, конференциялар, спорт жарыстары;
Тармақша 6
6) оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен өткізу;
Тармақша 7
7) ғылыми зерттеулер жүргізу
Тармақ 4
4. Академия бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурсында және Академия аумағында (үй-жай) арнайы көзделген орында өткізілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін және олардың бағасы көрсетілген ақпаратты орналастырады.
Тармақ 5
5. Академия жеке және заңды тұлғаларға тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызмет көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді есепке алу журналына тіркелетін жазбаша өтініштің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Академияның және жеке немесе заңды тұлғалардың арасындағы ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі өзара қатынастар, соның ішінде ақы төлеу нысаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартпен реттеледі.
Тармақ 7
7. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу үшін төлемақы Академияның ақылы қызметтерінің бақылау есеп-шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
3-тарау. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі
Тармақ 8
8. Академияның тауарларға (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түскен қаражаты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-тармағына сәйкес жұмсалады.
Тармақ 9
9. Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуден түскен мынадай бағытта жұмсалады:
Тармақша 1
1) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
Тармақша 2
2) ақылы қызмет пен жұмыстарды өткізуге қатысқан профессорлық-оқытушы құрамның, мамандар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
Тармақша 3
3) профессорлық-оқытушылық құрамның, мамандардың қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
Тармақша 4
4) оқыту тренингтерін, семинарларын, конференцияларын және дөңгелек үстелдерін өткізуге;
Тармақша 5
5) ғылыми-зерттеулер және басқа да іс-шаралар өткізу үшін қызметке арналған шығыс материалдарын, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
Тармақша 6
6) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау, соның ішінде ғылыми еңбектерді, оқу құралдарын редакциялауға;
Тармақша 7
7) оқыту, зерттеулер және онымен байланысты іс-шаралар үшін үй-жайларды, жабдықтарды және техниканы жалдауға;
Тармақша 8
8) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кәдесыйлар, турнирлер, жарыстар аясында кофе-брейктер өткізуге, кәдесый өнімдерін сатып алуға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шеңберінде ғылыми конференцияларға, семинарларға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу бойынша зерттеу сипатындағы іссапарларға баруға;
Тармақша 10
10) аударма қызметтерін сатып алуға;
Тармақша 11
11) ақылы қызметтер көрсетуге байланысты қосымша шаруашылық шығыстарына;
Тармақша 12
12) қызметкерлерге қосымша ақы, сыйақы беруге, әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге жұмсалады.
Тармақ 10
10. Академия тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден ақшаның түсімін және шығыстарын есепке алу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша бойынша
4-тарау. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша бойынша
Тармақ 11
11. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен ақша есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министірің 2009 жылғы 25 мамырындығы №215 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде №5702 болып тіркелген) Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігіндеқалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышының иелігінде Академия тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың түрлері бойынша өткізуден ақша түсімдерімен шығыстарының жоспарын жыл сайын жасайды.
Тармақ 12
12. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.
Тармақ 13
13. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Академия ұсынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден жоспарларының негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасайды.
Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган келіседі.
Тармақ 14
14. Академия тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жоспарының қолданысы ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
Тармақ 15
15. Қаржы жылы ішінде Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарында көзделген сомалардан артық кірістер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары ағымдағы қаржы жылының аяғына дейін нақтыланған жағдайда ағымдағы қаржы жылында жұмсалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Академияның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден өз иелігінде қалатын ақша есебінен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1.1. Жеке және заңды тұлғалардың ақылы қызмет көрсету жөніндегі өтініштерін тіркеу журналы
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясының
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы
қызмет түрлерін көрсету және олардың
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізуден түскен
ақшаны жұмсау қағидаларына
қосымша
Жеке және заңды тұлғалардың ақылы қызмет көрсету жөніндегі өтініштерін тіркеу журналы
Тіркеу №
Қабылдаған күні
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе оның уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Ақылы түрде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша қызмет түрі
Қоса берілген құжаттардың саны мен атауы
Өтінішті қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
1
2
3
4
5
6