Об утверждении Требований по квалификационному отбору независимых экспертов для проведения независимой экспертизы базовых проектных документов и анализов разработки Күшін жойған
Басқа 0
Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптарды бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 140-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына
тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды
біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
бұйрығымен бекітілген
Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына
тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды
біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Базалық жобалау құжаттары және әзірлеуді талдаулардың тәуелсіз сараптама операторы тәуелсіз сарапшылардың қызметін ұйымдастыруды және оларды құзыретті орган бекіткен талаптарға сәйкес біліктілігі жағынан іріктеуді жүзеге асырады, сондай-ақ келіп түскен базалық жобалау құжатына немесе әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыны шарттық негізде айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Базалық жобалау құжатына және әзірлеуді талдауға тәуелсіз сараптама жүргізу операторы (бұдан әрі – Оператор) – дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға болып табылады, ал акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) тәуелсіз сараптама – ғылыми негізделген әдістемелерді қолдануға негізделген, геология және әзірлеу саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес білікті сарапшылар жүргізетін тәуелсіз зерттеу;
Тармақша 3
3) тәуелсіз сарапшы - арнайы білімі және тиісті біліктілігі бар, базалық жобалық құжатқа, оған өзгерістер мен толықтырулар, әзірлеуді талдауға (бұдан әрі – Жоба) тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тартылатын жеке тұлға;
Тармақша 4
4) біліктілік іріктеуін жүргізуге арналған комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеуді жүзеге асыру мақсатында құрылатын комиссия.
Тармақ 4
4. Талаптар тәуелсіз сарапшылардың мынадай санаттарына қатысты белгіленеді:
Тармақша 1
1) көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласында;
Тармақша 2
2) көмірсутегі кен орындарын игеру саласында;
Тармақша 3
3) экономика саласында;
Тармақша 4
4) құқықтық мәселелер бойынша.
Тарау 2. 2-тарау. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеу жөніндегі талаптар
2-тарау. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілік іріктеу жөніндегі талаптар
Тармақ 1. 1-параграф. Тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеуді ұйымдастыру және өткізу
1-параграф. Тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеуді ұйымдастыру және өткізу
5.Біліктілігі жағынан іріктеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) Оператордың интернет-ресурсында біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыруды жариялау;
Тармақша 2
2) біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттар қабылдау;
Тармақша 3
3) оператордың комиссия құруы;
Тармақша 4
4) комиссияның үміткерлер құжаттарының осы Талаптардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарауы;
Тармақша 5
5) комиссияның үміткерлермен осы Талаптардың 3-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес әңгімелесу жүргізуі;
Тармақша 6
6) комиссияның қорытындысы.
Тармақ 2. 2-параграф. Оператордың интернет-ресурсында біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыруды жариялау
2-параграф. Оператордың интернет-ресурсында біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыруды жариялау
Тармақ 6
6. Біліктілігі жағынан іріктеу жүргізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
Тармақша 1
1) орналасқан жерін, пошталық мекенжайын, телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, біліктілігі жағынан іріктеу жүргізетін Оператордың атауы;
Тармақша 2
2) осы Талаптарға сәйкес үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар;
Тармақша 3
3) құжаттарды қабылдау мерзімі (10 жұмыс күні), ол хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Тармақша 4
4) қажетті құжаттар тізбесі;
Тармақша 5
5) әңгімелесуді өткізу күні мен орны;
Тармақша 6
6) комиссия отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат.
Тармақ 3. 3-параграф. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарды қабылдау
3-параграф. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжаттарды қабылдау
Тармақ 7
7. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткер Операторға қолма-қол немесе курьерлік қызмет комиссия төрағасының атына еркін нысанда толтырылған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) ғылыми дәрежесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Тармақ 8
8. Осы Талаптардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Осы Талаптардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, комиссия үміткерді әңгімелесуден өтуге жібермейді.
Тармақ 9
9. Құжаттардың толық емес пакетін не дұрыс емес мәліметтерді ұсыну комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Оператордың комиссия құруы
4-параграф. Оператордың комиссия құруы
Тармақ 10
10. Комиссия Оператор басшысының шешімімен құрылады.
Тармақ 11
11. Комиссия Оператордың кемінде бес мүшесінен, оның ішінде төрағадан тұрады.
Комиссия төрағасы Оператордың басшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссия құрамына оператордың жұмыскерлері енгізіледі. Комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Байқаушы ретінде Комиссия отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей комиссия хатшысында тіркеледі.
Тармақ 14
14. Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін Оператор жұмыскерлерінің арасынан комиссия хатшысы тағайындалады.
Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Комиссия хатшысы байқаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін әңгімелесу басталғанға дейін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Тармақ 15
15. Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді.
Тармақ 16
16. Комиссия 10 бейінді сұрақтан тұратын тізбені қалыптастырады.
Тармақ 17
17. Комиссия ұсынылған құжаттардың кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 18
18. Шешім хаттама түрінде ресімделеді және оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.
Тармақ 19
19. Комиссия шешімі негізінде комиссия хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу графигін қалыптастырады.
Тармақ 5. 5-параграф. Комиссияның кандидаттардың құжаттарын қарауы және әңгімелесуді өткізуі
5-параграф. Комиссияның кандидаттардың құжаттарын қарауы және әңгімелесуді өткізуі
Тармақ 20
20. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі және әңгімелесу өткізу графигі оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 21
21. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлерге әңгімелесу өткізу күні туралы комиссия шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия хатшысы хабарлайды.
Кандидаттарға хабарлама үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу телефон арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген үміткер бір әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған өтініш берілген мамандық бойынша сұрақтар қойылады.
Тармақ 23
23. Әңгімелесу нәтижелері бойынша комиссия ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ бейінді сұрақтарға жауаптардың нәтижелерін қамтитын өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша тәуелсіз сарапшыны тағайындау үшін үміткерлер арасынан іріктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Комиссия шешімі үміткер болмаған кезде ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Тармақ 25
25. Егер комиссия отырысына комиссияның барлық мүшелері қатысса, комиссия шешімі заңды деп саналады.
Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Кворум болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырыс белгіленген күннен кейінгі күнге ауысады. Конкурстық комиссияны екі реттен көп емес ауыстыруға жол беріледі.
Тармақ 26
26. Үміткер комиссия құрамынан қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда оң қорытынды алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 27
27. Комиссияның шешімі және комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлердің тізімі іріктеу жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде Оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 28
28. Біліктілігі жағынан іріктеуге қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге бару және қайту жолы, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) үміткерлер өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Тәуелсіз сарапшыға қойылатын біліктілік талаптары
3-тарау. Тәуелсіз сарапшыға қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1. 1-параграф. Көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
1-параграф. Көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
Тармақ 29
29. Үміткерді көмірсутегі кен орындарының геологиясы саласында тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
Тармақша 2
2) Мұнай-газ саласындағы жоғары бейіндік білімі туралы дипломы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
Тармақша 3
3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:
осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;
тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Жобаларды жобалауға маманданған ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
жоғары техникалық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
Тармақ 2. 2-Параграф. Көмірсутегі кен орындарын игеру саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
2-Параграф. Көмірсутегі кен орындарын игеру саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
Тармақ 30
30. Үміткерді көмірсутегі кен орындарын игеру саласында тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
Тармақша 2
2) Мұнай-газ саласындағы жоғары бейіндік білімі туралы дипломы (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
Тармақша 3
3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:
осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;
тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Жобаларды жобалауға маманданған ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
жоғары техникалық оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамында кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
Тармақ 3. 3-параграф. Экономика саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
3-параграф. Экономика саласындағы тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
Тармақ 31
31. Үміткерді экономика саласындағы тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
Тармақша 2
2) Жоғары бейіндік білім туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
Тармақша 3
3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:
осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;
тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
Тармақ 4. 4-параграф. Құқықтық мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
4-параграф. Құқықтық мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшыға қойылатын талаптар
Тармақ 32
32. Кандидатты құқықтық мәселелер бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
Тармақша 2
2) Жоғары бейіндік білім туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
Тармақша 3
3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:
осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;
тиісті біліктілігі бар кәсіби салада кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 4
4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ереже
3-тарау. Қорытынды ереже
Тармақ 33
33. Тәуелсіз сарапшылардың деректер базасы осы Талаптарға сәйкес біліктілігі жағынан іріктеуден өткен үміткерлер қатарынан қалыптастырылады және Оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
Біліктілігі жағынан іріктеуден өткен үміткер бір ай ішінде Тәуелсіз сарапшылардың деректер базасына енгізіледі.
Тармақ 34
34. Жобаларды тәуелсіз сараптау нәтижелері бойынша шарттық міндеттемелерде көзделген міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тәуелсіз сарапшыны Оператор Тәуелсіз сарапшылардың деректер базасынан алып тастайды.
Тармақ 35
35. Бір Жобаның тәуелсіз сараптамасына кемінде 3 (үш) сарапшы тағайындалады.