Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на сельскохозяйственных угодьях Туркестанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 20 қарашадағы №05-01-04/984 ұсынысы негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Түркістан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі №182 «Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4176 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде және 2017 жылдың 8 тамызында электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қ.Қ.Айтмұхаметов Ә.Е.Тұрғымбеков Ж.Е.Аманбаев С.А.Қалқаманов М.И.Мырзалиев Ұ.Қ.Тәжібаев А.А.Абдуллаев А.Б.Тасыбаев «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___»______ №____қаулысына
Басқа 9. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 қаулысына қосымша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ № Аудан, қала атауы карантинді обьектілер атауы зиянкестер аурулар арамшөптер шы­ғыс же­міс же­мі­рі, гек­тар ка­ли­фор­ния қал­қан­ша сы­мы­ры, гек­тар оң­тү­стік аме­ри­ка­лық қы­за­нақ күй­е­сі, гек­тар қа­уын шы­бы­ны, гек­тар же­міс аға­шта­ры­ның бак­те­ри­я­лық күй­і­гі, гек­тар қы­за­нақ же­мі­сі­нің қо­ңыр қат­пар­лы ви­ру­сы, гек­тар қы­за­нақ­тың дақ­ты со­лу ви­ру­сы, гек­тар жа­та­ған у ке­кі­ре, гек­тар арам­со­яу, гек­тар 1 Арыс 1048 669 120 2 Кен­тау 177 0,31 0,44 3 Бәй­ді­бек 178,96 5 4 Қазығ­ұрт 365,65 112,07 5 Же­ті­сай 856 7,3 6 Мақ­та­арал 1563,44 3 9,45 7 Ор­даб­а­сы 6 500 34,2 8 Оты­рар 661 40 6,03 9 Сай­рам 10,03 10 Са­рыа­ғаш 10,35 3 248,7 42,8 11 Са­у­ран 1,63 42 125 2,4 12 Со­зақ 192 13 Ке­лес 3,3 36 35 73,473 14 Тө­ле­би 48 23 1 90,64 172,205 15 Түл­кі­бас 116 7,5 16 Шар­да­ра 396 1920 110 Жиы­ны: 48 23 21,28 4779,44 1 3 3 4481,26 712,898