Об утверждении Правил определения затрат оператора независимой экспертизы на организацию и проведение независимой экспертизы базовых проектных документов и анализов разработки Күшін жойған
Басқа 0
Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 140-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы ______
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 140-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға (бұдан әрі – жобалар) тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптама жүргізу операторы (бұдан әрі – Оператор) – дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға болып табылады, ал акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) тәуелсіз сараптама – ғылыми негізделген әдістемелерді қолдануға негізделген, геология және игеру саласында арнайы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес білікті сарапшылар жүргізетін тәуелсіз зерттеу.
Тарау 2. 2. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау тәртібі
2. Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Оператордың жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындары мынадай формула бойынша айқындалады:
S=Cd*We
мұнда:
S – қосылған құн салығын ескере отырып, жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған шығындар;
Cd – қосылған құн салығын ескере отырып, жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізудің бір күнінің құны;
We – осы Қағидаларға қосымшада келтірілген жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған жұмыс күндер шкаласына және Кодекстің 140-бабының 4-тармағына сәйкес есепті кезеңге бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
Тармақ 4
4. Жобаларға тәуелсіз сараптама жүргізудің бір күнінің құны мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Е – есепті қаржы жылына арналған Оператордың даму жоспарында ескерілген, жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға байланысты жоспарлы шығыстар. Оператордың даму жоспарын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының 10-тармағына сәйкес Директорлар кеңесі бекітеді;
IS – Оператордың жұмылдырылған мамандарының саны, адам;
Wy – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабына сәйкес есепті қаржы жылына жобаларға сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге жұмсалған жұмыс күндері (ағымдағы жылға арналған жұмыс уақытының балансы);
Kp – кірістілік коэффициенті.
Кірістілік коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Kp =Pp/E
мұнда:
Pp – есепті қаржы жылына арналған Оператордың даму жоспарында ескерілген жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты жоспарлы кірістер.
Басқа 1. Жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және
жүргізуге жұмсалған күндер шкаласы
Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидаларына қосымша
Жобаларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және
жүргізуге жұмсалған күндер шкаласы
Санаты
Сипаттамасы
Тәуелсіз сарапшылар саны
Жұмыс күндері
I
Бастапқы геологиялық қорлары 100 млн. тоннадан астам мұнай немесе 50 млрд. м3 астам газ кен орнының жобалары
Сарапшы 1
62
Сарапшы 2
62
Сарапшы 3
62
БАРЛЫҒЫ
186
II
Бастапқы геологиялық қорлары 50-ден 100 млн. тоннаға дейін мұнай немесе 30-дан 50 млрд. м3 дейін газ кен орнының жобалары
Сарапшы 1
51
Сарапшы 2
51
Сарапшы 3
51
БАРЛЫҒЫ
153
III
Бастапқы геологиялық қорлары 50 млн. тоннадан кем мұнай немесе 30 млрд. м3 кем газ кен орнының жобалары
Сарапшы 1
41
Сарапшы 2
41
Сарапшы 3
41
БАРЛЫҒЫ
123
IV
Барлау жұмыстарының жобасы
Сарапшы 1
41
Сарапшы 2
41
Сарапшы 3
41
БАРЛЫҒЫ
123