Об установлении повышенных окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Щербактинского района Қолданыста
Басқа 0
Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Павлодар облысының Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шарбақты ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылғын айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының ауданның бюджет және әлеуметтік – экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.