О утверждении «Правил организации дополнительного горячего питания для малообеспеченных граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтылған азаматтар үшін қосымша ыстық тамақ беруді ұйымдастыру Қағидасын бекіту туралы.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Темиртау қаласы әкімдігінің 2004.08.10 N 8/47 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 28-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабының 14-тармағын басшылыққа ала отырып, әкімдік қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтар үшін қосымша ыстық тамақ беруді ұйымдастыру Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім орынбасарының міндетін атқарушы Т.М.Куриннаяға жүктелсін.
Басқа 3. Аз қамтылған азаматтар үшін
қосымша ыстық тамақ беруді ұйымдастыру
Қағидасы
Теміртау қаласы әкімдігінің
12.11.2002 жылғы № 11/27
қаулысымен бекітілген
Аз қамтылған азаматтар үшін
қосымша ыстық тамақ беруді ұйымдастыру
Қағидасы
Тарау 1. 1. Қосымша ыстық тамақ берілетін азаматтар санаты.
1. Қосымша ыстық тамақ берілетін азаматтар санаты.
Отбасының жиынтық табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда төрт есептеу көрсеткішінен аспайтын аз қамтылған азаматтар.
Тарау 2. 2. Қосымша ыстық тамақ алу үшін қойылатын талаптар.
2. Қосымша ыстық тамақ алу үшін қойылатын талаптар.
Қосымша ыстық тамақ бір адамға 146 теңге есебінде 10 күнтізбелік күндерге, келесі талаптарды сақтаған жағдайда, беріледі:
Тармақша 1
1) аз қамтылған азаматтар еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде есепте болуы керек;
Тармақша 2
2) жұмыссыздар Қалалық еңбекпен қамту орталығында тіркелген болуы керек.
Тарау 3. 3. Қосымша ыстық тамақты беру тәртібі.
3. Қосымша ыстық тамақты беру тәртібі.
Тармақша 1
1) Қосымша ыстық тамақты алуды қажет ететіндер еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөліміне өтініш береді және оған келесі құжаттарды: балаларының туу туралы куәліктері, жеке бастың куәлігі; зейнетақы немесе жәрдемақы алатындар: зейнеткерлік куәлік немесе жинақ кітапшасы; жұмыс істейтіндер: өткен тоқсанда алған айлығы және басқа да табыстары туралы анықтама, Қалалық еңбекпен қамту орталығынан анықтаманы қоса береді.
Тармақша 2
2) Еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі аз қамтылған азаматтар үшін қосымша ыстық тамақ беруге бөлінген қаражатты қаржыландыру жоспарына сәйкес аударады және қосымша ыстық тамақ беруді ұйымдастыру үшін шарт жасайды.
Тармақша 3
3) Еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі шарт жасасқан асханаларға, әрбір он күндік сайын қайырымдылық түстік алатын азаматтар тізімдерін жіберіп отырады.
Тармақша 4
4) Еңбек және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бөлімі ай сайын аз қамтылған азаматтарға берілген қосымша ыстық тамақты күнделікті ас тізіміне сәйкес салыстырмалы актісін жүргізеді және қалалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеру туралы айлық есеп береді дайындайды.