Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мойынқұм ауданы аумағындағы ұйымдарда ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы №97 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 7 маусымда № 3441 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 21 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталауды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Наметкулов Амангелды Наметкуловичке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2020 жылғы «___»___________
№___ қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері қызметкер-лердің тізімдік санының (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
2
3
4
5
1
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Мойынқұм ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2%
1
2
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Көктерек ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
60
2%
1
3
«Мойынқұм аудан әкімдігінің ветеринариялық қызметі» шаруашылық құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
68
2%
1
4
Мойынқұм ауданы бойынша білім беру мекемелері (1 бастауыш, 1 орта, 1 қосымша білім беру)
101
3%
3
Барлығы
289
-
6