Об определении перечня приоритетных направлений расходов бюджета города Степногорска Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Степногорск қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Степногорск қаласы әкімдігінің 2020 жылғы _________ № _____________ қаулысына қосымша Степногорск қаласы бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Тармақ 1
1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, оның ішінде техникалық персоналдың жалақысын, жалақыдан барлық ұстаулары.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген ақшалай өтемақылары.
Тармақ 3
3. Алименттері, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары, жәрдемақылары.
Тармақ 4
4. Банктік қызмет ақысын төлеу, борыштық міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету жөніндегі төлемдер, зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік аударымдар, бюджет субвенциялары, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Тармақ 5
5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтануды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу бойынша қызметтерді сатып алуға.
Тармақ 6
6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау, іссапар және қызметтік сапарлар шығыстары.
Тармақ 7
7. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері.