Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 – бабы 2 – тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Бородулиха ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурызда № 80 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 27 наурызда № 5805 тіркелген, 2019 жылғы 3 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
2020 жылғы 18 наурызы
№ 72
Әкімдігінің қаулысына қосымша
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Ұйым жұмыскерлерінің тізімдік саны
Жұмыс орындары квотасының мөлщері (%)
елуден жүз адамға дейін
2
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бірден жоғары
4