Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Толебийского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11/55 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 3955 тiркелген, 2017 жылғы 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 4 наурыздағы №50/275-VI шешіміне қосымша Төлеби ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Төлеби ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган – «Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 11
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау тәртібі
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау тәртібі
Тармақ 6
6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін ЖАО белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 7
7. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 8
8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
3. Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 9
9. Мереке және атаулы күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жаңа жылдық шыршаға мүгедектігі бар балаларға біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні- көпбалалы аналарға, оның ішінде: «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 9 мамыр - «Жеңіс күні» Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 400 (төрт жүз) айлық есептік мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектігі бар адамының немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектігі бар адамдарына теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына) біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшер – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшер – 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының орденімен және медальдармен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына біржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 26 сәуiрде (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күнi) – 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға, бiржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 29 тамызға «Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні» - бiржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні; Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына біржолғы және (немесе) ай сайын көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлерi мен мүгедектігі бар адамдарына, ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етiлген отбасыларына, жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйiне зиян келтiруiне байланысты бiржолғы әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері - 100 айлық есептiк көрсеткiш;
Тармақша 2
2) Басылымдарға жазылу үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарына бір жолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, батыр аналар, мүгедектігі бар адамдарға, мұқтаж жауынгер-Ауғандықтарға, Чернобыль АЭС-ның апатын жоюға қатысушыларына, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жартыжылдықта бір рет;
Тармақша 3
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына ай сайын екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 80 жастан асқан жазғызілікті қарттарға, үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедекігі бар балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті шекті және ең төменгі мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар адамды рабилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар адамдарға мүгедектер арбаларымен қамтамасыз етуге: серуендеуге арналған мүгедектер арбаларымен әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш; бөлмеге арналған мүгедектер арбаларымен әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға, зейнет жасындағы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне кезекке тіркелген азаматтарға бөлінген жолдаманың 40 пайызына шипажайлық-курорттық емделуге - бір рет, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) зейнет жасындағы кезекке тіркелген азаматтарға бөлінген жолдаманың 60 пайызына шипажайлық-курорттық емдеуге - бір рет, 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 9
9) әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектігі бар адамдарына, жүріп тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 10
10) мүмкіндігі шектеулі жұмыс істейтін 1-2 топтағы зағип мүгедектерге бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 11
11) онкологиялық ауруға шалдыққан тұлғаларға біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 12
12) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан азаматтарға біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 13
13) аз қамтылған отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы, жергілікті өкілді органдармен белгіленген күн көрістің төменгі шегінен аспаса, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 14
14) Бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар атаулы көмек алушы отбасыларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдеріне қосымша бір айлық есептік көрсеткішке дейін көмек көрсетілсін.
Тармақша 15
15) Өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды. Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір жолғы төленеді. Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға) тұрғын үйін жөндеуге, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
Тармақ 11
11. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табыстың болуы. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 12
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 13
13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 15
15. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Төлеби ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
4. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 19
19. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат. Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен ұсынылады, содан соң құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Тармақ 21
21. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 22
22. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 23
23. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 24
24. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Тармақ 25
25. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 26
26. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 27
27. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 28
28. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Үлгілік қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 29
29. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 30
30. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
Тармақ 32
32. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 33
33. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Тарау 6. 6. Қорытынды ереже
6. Қорытынды ереже
Тармақ 34
34. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды Төлеби ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.