Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача заключения на соответствие криминалистическим требованиям гражданского и служебного оружия и патронов к нему, а также конструктивно сходных с оружием изделий Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-крииминалистикалық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшiлiк ететiн орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жедел-криминалистикалық департаментіне (И.И. Зубов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 224 бұйрығына
1-қосымша
«Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арыз иесі (көрсетілетін қызметті алушы) – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға өтініш жасаған адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акті қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) (әкімшілік акті адресаты) адам;
Тармақша 2
2) әкімшілік акті (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) – әкімшілік орган, лауазымды адам жария-құқықтық қатынастарда қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жекелей белгілі бір адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
Тармақша 3
3) әкімшілік орган (көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
Тармақша 4
4) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешім қабылдау және орындау қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібінде жүзеге асырылатын қызмет.
Тармақша 5
5) Бірыңғай байланыс-орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 6
6) көрсетілетін қызметті берушінің бейінді құрылымдық бөлінісі – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісі;
Тармақша 7
7) криминалистикалық талаптар азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);
Тармақша 8
8) сынау зертханасының басшысы – аумақтық полиция органының жедел-криминалистикалық бөлінісінің бастығы немесе ол уәкілеттік берген адам;
Тармақша 9
9) сынау объектілері – азаматтық және қызметтiк қару және оның патрондары, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар;
Тармақша 10
10) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 11
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандардың жинағы.
Тармақ 3
3. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсетулерге негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 9-тармағына сәйкес құжаттар мен сынау объектілерін ұсына отырып жүгінеді.
Көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Тізбеде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар мен сынау объектілерінің тізімдемесін жасайды және оны өтінішке қоса береді.
Өтінішті портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішті қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының , сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігін сынауға қарудың немесе бұйымның бір моделі (модификациясы), қызметтік және азаматтық қару патрондарының бір түрі немесе арбалеттердің немесе садақтар снарядтарының бір модификациясы жатады.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және сынау зертханасының басшысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Сынау зертханасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күні бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушысы) анықтайды.
Өтінішті портал арқылы алған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы сынау объектілерін ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей сынау объектілерін қолма-қол ұсынады.
Тармақ 7
7. Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар мен сынау объектілерінің толықтығын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен байланысты іс-әрекеттерді жасауға тыйым салулар мен шектеулердің болуын тексереді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған не сынау объектілерін толық көлемде ұсынбаған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 7-тармақта көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту дайындайды, оған сынау зертханасының басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тарту жолдайды.
Портал арқылы келіп түскен құжаттар пакетімен сынау объектілерінің сәйкес келмеуі анықталған кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сынау объектілерін қайтару күні мен уақытын көрсете отырып, дәлелді бас тарту жолдайды.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар мен сынау объектілерінің толық пакетін ұсынған кезде жауапты орындаушы:
он жұмыс күні ішінде ұсынылған сынау объектілерінің «Криминалистикалық талаптар мен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10747 болып тіркелген) сәйкес криминалистикалық талаптарға сәйкес келуін анықтау үшін сынақ жүргізеді;
жүргізілген сынақтардың нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде криминалистік талаптарға сәйкестігіне сынақ хаттамасын ресімдейді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне екі данада сынақ хаттамасын қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды;
бір жұмыс күнінің ішінде азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасына сынау зертханасының басшысы қол қояды, азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екі данасын тіркеу үшін кеңсеге береді және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» цифрлық жүйесіне азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды берілгені туралы мәлімет енгізеді. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сынау хаттамасының электрондық көшірмесін қоса отырып, сынау зертханасы басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған сынау объектілерін қайтару орнын көрсете отырып хабарлама жолдайды.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен сынау объектілерін ұсынған көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін хабардар етеді.
Құжаттар мен сынау объектілерін ұсынған көрсетілетін қызметті алушыға тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші хаттама жасайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты болған жағдайда тыңдау рәсімі өткізілмеуі мүмкін.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бейінді құрылымдық бөліністің жауапты орындаушысымен бірлесіп, көрсетілетін қызметті алушыға азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының бір данасын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін, сынау объектілерін жолдайды. Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде сақтауда қалады.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өзектендіріледі және Бірыңғай байланыс-орталығына жолданады.
Тармақ 15
15. Сынау зертханасының басшысы және (немесе) жауапты орындаушы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік артады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акті қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және бағалау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен, сондай-ақ шағымға алынған жауаппен келіспеген кезде, егер заңда өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушының сотқа жүгінуіне сотқа дейінгі тәртіпте шағым жасағаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. ӨТІНІШ
«Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
___________________________________
көрсетілетін қызметті беруші ұйымының _____________________________________
атауы, атауы және заңды мекенжайы,
_____________________________________
телефоны, көрсетілетін қызметті алушының
_____________________________________
электрондық поштасы
ӨТІНІШ
Объектілер тізімдемесіне сәйкес ұсынылған сынау нәтижелері бойынша азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беруді сұраймын.
Қосымша: тізімдемеге сәйкес құжаттар______парақта және объектілер саны _______данада, құжаттар мен объектілердің тізімдемесі ________парақта.
Осылармен:
көрсетілетін қызметті алушының барлық көрсетілген деректері байланыс жасау үшін ресми болып табылатыны және оларға қорытынды беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жолдауға болатыны;
барлық қоса берілген құжаттар мен объектілер шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны расталады;
ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келіседі.
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы
Толтырылған күні 20 _____жылғы «____»_______________
Басқа 2
«Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
«Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі
1
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы
Жоқ
2
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Аумақтық полиция органдары
3
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
4
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі
Көрсету мерзімі – он үш жұмыс күні
5
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/Қағаз түрінде
6
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
7
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі
8
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында: www.mvd.gov.kz «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлімінде;
2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.
9
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар, мәліметтер мен сынау объектілерінің тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогы, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасы және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
3) келісімшарттың көшірмесі және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектіcі нөмірлерінің тізбесі.
Порталға:
1) заңды тұлғаның өкілі үшін сенімхатпен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
2) фирманың каталогының электрондық көшірмесі, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған сынау объектісі паспортының түпнұсқасының электрондық көшірмесі және/немесе оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
3) келісімшарттың және өтініш беруші фирманың басшылығы куәландырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген партиядағы сынау объектілері нөмірлері тізбесінің электрондық көшірмесі.
Сынау объектілері:
атыс, ұңғысыз, белгі беру, газды, электр, пневматикалық, оқсыз атылатын қаруды, оның патрондарын, сондай-ақ конструкциялық жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды сынау кезінде:
тегіс ұңғылы және ойық атыс қаруы – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
ұңғысыз атыс қаруы, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы;
оқсыз атылатын, газды, белгі беру, электр, пневматикалық қару – әр модельдің немесе модификацияның кемінде он дана патроны бар бір данасы (газды қару үшін кемінде бес дана бос патрон қосымша ұсынылады);
конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар - әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
қызметтік және азаматтық қарудың патрондары – өндіруші кәсіпорынның бастапқы орамасында кемінде он дана;
суық және лақтырылатын қаруға, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға сынау жүргізу үшін:
суық және лақтырылатын қару болып табылатын объектілер – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
конструкциясы жағынан суық және лақтыратын қаруға ұқсас бұйымдарға шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы бұйымдар – әр модельдің немесе модификацияның бір данасы;
арбалеттерге немесе садақтарға снарядтар – әр модификацияның бес бірлігі ұсынылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) құжаттары туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
10
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
11
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көзделетін өзге де талаптар
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсы: www.mvd.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777.
Басқа 3. ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ
«Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
ҚҰЖАТТАР МЕН ОБЪЕКТІЛЕР ТІЗІМДЕМЕСІ
р/с №
Дараландыратын белгілерін көрсете отырып, құжаттар мен объектілердің атауы
Саны
Қосымша
мәліметтер
Заңды тұлғаның басшысы немесе сенімхат негізінде өкілі
_________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы
20__жылғы «____» _________
Басқа 4
«Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
[Мемлекеттік тілде УО атауы)]
Мемлекеттік тілде УО
деректемелері
[Орыс тілінде УО атауы)]
Орыс тілінде УО деректемелері
Дәлелді бас тарту
Нөмірі:_______ Берілген күні:
[Көрсетілетін қызметті алушының
ұйымының атауы]
Сіздің 20__ жылғы «____»_______№_______ өтінішіңізді қарап, __________________________________________________________________
байланысты «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартылатыны туралы хабарлаймыз.
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басқа 5. Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне
сынау хаттамасы
«Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
5-қосымша
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне
сынау хаттамасы
№ _________ 20____ жылғы «___» ________
шығыс № ___________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының сынау объектілерін жолдау туралы
________________________________________________________________________________
өтінішінің деректемелері көрсетіледі
________________________________________________________________________________
Сынау объектісі______________________________________________________
өндіруші фирманың толық атауы, қару мен патрондардың,
________________________________________________________________________________
снарядтардың түрі, моделі, калибрі, сериясы мен шыққан жылы (болған кезде),
________________________________________________________________________________
таңбалау белгілері көрсетіледі
Жүргізілген сынақтардың нәтижесі: ________________________________________
сынақтарды жүргізу барысы мен
________________________________________________________________________________
қорытындылары сипатталады
Сынауды жүргізген: _______ ______________________________________
қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Басқа 6. Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне
№ ____ қорытынды
«Азаматтық және қызметтiк
қарудың және оған патрондардың,
сондай-ақ конструкциясы жағынан
қаруға ұқсас бұйымдардың
криминалистикалық талаптарға
сәйкестігіне қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
6-қосымша
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне
№ ____ қорытынды
20____ жылғы «____» ________
Өтініш: 20____ жылғы «____» ______________ кіріс № ____________________
Көрсетілетін қызметті алушы:__________________________________________
Заңды мекенжайы: ___________________________________________________
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау бойынша
ШЕШІМ
_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қосымша: Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне сынау хаттамасы. Сынау объектілері қолма-қол ұсынылады.
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы
Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистикалық талаптарға сәйкестігіне қорытындының артқы беті
20 ____жылғы «___»________№ ________қорытындының
ақпараттық парағы
Бұйым_________________________________________________________
сыналған үлгінің толық атауы, каталогтар бойынша нөмірі,
____________________________________________________________________
базалық үлгінің түрленуінің нөмірі
____________________________________________________________________
әзірлеуші, әзірлеуші ел көрсетіледі
Нәтиже ________________________________________________________
зерттеу бойынша қысқаша қорытынды көрсетіледі
Техникалық
сипаттамалары:_________________________________________
Сынау зертханасының басшысы:
____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және электрондық цифрлық қолтаңбасы
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 18 наурызы
№ 224 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Азаматтық және қызметтік қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11230 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланған);
Тармақ 2
2. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11510 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған);
Тармақ 3
3. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 69 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13170 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған);
Тармақ 4
4. «Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 328 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18714 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 31 мамырда жарияланған);
Тармақ 5
5. «Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған патрондардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 494 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 маусымда жарияланған).