Об утверждении Правил ведения персонифицированного учета участников системы обязательного социального страхования и их социальных отчислений и социальных выплат Күшін жойған
Басқа 0
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы
26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының
17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды дербестендірілген есепке алуды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13094 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2019 жылғы 13 наурыздағы № 122 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18395 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды
және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидалары
бұйрығына
қосымша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды
және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік аударымдар жүргізілген және әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтерін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтерін, сондай-ақ электрондық нысанда табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық талаптар беру бойынша қызметтер мен квазимемлекеттік секторлар субъектілерінің қызметтері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлеушілердің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақшасы;
Тармақша 3
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы – өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және Заңда көзделген әлеуметтік тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар жеке тұлға;
Тармақша 4
4) әлеуметтік төлемдер – әлеуметтік төлемдерді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
Тармақша 5
5) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік тәуекел жағдайы басталғанға дейін өзі үшін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдерді тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
Тармақша 6
6) дербестендірілген есепке алу – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әрбір қатысушы туралы мәліметтерді есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 7
7) дерекқор – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әрбір қатысушысы (алушы) бойынша деректерді қамтитын уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
Тармақша 8
8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және асыраушысынан айырылған жағдайда оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік төлемдер тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган – Қордың қызметіне реттеуді, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру үшін процестерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйе.
Тарау 2. 2-тарау. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібі
2-тарау. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың және олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтік төлемдерін дербестендірілген есепке алуды Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде әрбір жеке тұлға бойынша жүргізеді.
Тармақ 4
4. Дербестендірілген есепке алу: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдарын есепке алуға және әлеуметтік төлем алушыларды есепке алуға бөлінеді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік корпорация:
дербес деректер және оларды қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқорда қамтылған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Заңның 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесіне, нысандарына және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының оларды ұсыну мерзімдеріне сәйкес уәкілетті органға ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар (алушылар), әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 1. 1-параграф. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдарын дербестендірілген есепке алу
1-параграф. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды және олардың әлеуметтік аударымдарын дербестендірілген есепке алу
Тармақ 6
6. Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда ақпараттық жүйе өздері үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бойынша түскен төлем тапсырмаларын өңдеуді жүргізеді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда төлеушіге әлеуметтік аударымдарды қайтару жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік аударымдар сомасы түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімінен және ақпараттық жүйелерден алынған:
Тармақша 1
1) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН);
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің атын (бар болса);
Тармақша 3
3) туған күнін;
Тармақша 4
4) келіп түскен күнін, жіберілген күнін, құжаттың нөмірін, күнін, төлемді тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК), жіберушінің атауын, жіберушінің ЖСН/БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі), алушының атауын, төлемнің жалпы сомасын, әлеуметтік аударымдар сомасын, мәртебесін, әлеуметтік аударымдар жүргізілетін кезеңді (жылы, айы, айлар) көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдардың төленген сомалары, сондай-ақ артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару туралы мәліметтерді қамтитын дербес мәліметтерді енгізеді.
Тармақ 8
8. Өздері үшін әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдар (оның ішінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару) жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, әлеуметтік аударымдарды (оның ішінде қате аударылған әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды қайтару) дербестендірілген есепке алуды Мемлекеттік корпорация тұрақты негізде автоматты режимде жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың дербес деректері өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорация дерекқорға мәліметтер мен өзгерістер енгізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңсыз (негізсіз) деп танылған қайтарылған артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомасы, алушыларға жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдер (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару) туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Әлеуметтік төлем алушыларды дербестендірілген
есепке алу
2-параграф. Әлеуметтік төлем алушыларды дербестендірілген
есепке алу
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлемдерді дербестендірілген есепке алуды Мемлекеттік корпорация өтініш беруші әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген күннен бастап жүргізеді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлемдер тағайындалған, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды (оның ішінде мерзімі бойынша шешілген) тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату туралы шешімі бар әлеуметтік төлем алушылар есепке алуға жатады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік төлем алушыларды есепке алу мынадай деректерді (әлеуметтік төлем түрлеріне байланысты) қамтиды:
Тармақша 1
1) ЖСН;
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің аты (болса);
Тармақша 3
3) туған күні;
Тармақша 4
4) жынысы;
Тармақша 5
5) тұрғылықты тұратын жерінің мекенжайы;
Тармақша 6
6) пошта бөлімінің индексі;
Тармақша 7
7) жеке басын куәландыратын құжаттың (қандас куәлігінің) сериясы және нөмірі, берілген күні және берген органның атауы;
Тармақша 8
8) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күнінің өзгеруі;
Тармақша 9
9) азаматтығы, азаматтықтың өзгеруі туралы;
Тармақша 10
10) жүгінген күні;
Тармақша 11
11) әлеуметтік тәуекел туындаған күн;
Тармақша 12
12) әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім күні;
Тармақша 13
13) әлеуметтік төлем мерзімінің аяқталған күні;
Тармақша 14
14) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі туралы;
Тармақша 15
15) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістің орташа айлық мөлшері;
Тармақша 16
16) әлеуметтік төлемнің түрі туралы;
Тармақша 17
17) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі туралы;
Тармақша 18
18) асырауындағылардың саны туралы;
Тармақша 19
19) жұмыссыз ретінде есепке қою туралы;
Тармақша 20
20) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күндер саны туралы;
Тармақша 21
21) баланың туу кезектілігі туралы;
Тармақша 22
22) тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы;
Тармақша 23
23) тағайындалған әлеуметтік төлемнің мерзімі туралы;
Тармақша 24
24) әлеуметтік төлемнен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы мәліметтер;
Тармақша 25
25) аударылған әлеуметтік төлемдер сомасы, сондай-ақ артық есептелген (төленген), қате аударылған әлеуметтік төлемдер сомасы, келіп түскен күнін, жіберілген күнін, құжаттың нөмірін, күнін, төлем тағайындау кодын (бұдан әрі – ТТК), жіберушінің атауын, жіберушінің ЖСН/БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі), алушының атауын, төлемнің жалпы сомасын, әлеуметтік төлемдердің сомасын, мәртебесін, әлеуметтік төлемдер жүргізілетін кезеңді (жылы, айы, айлар) көрсете отырып, аударылған әлеуметтік төлемдер сомасы, сондай-ақ қате аударылған әлеуметтік төлемдер сомаларын қайтару туралы мәліметтер.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік төлемдерді дербестендірілген есепке алуды (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын қайтаруды) Мемлекеттік корпорация тұрақты түрде автоматтандырылған режимде жүргізеді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде дерекқорға мәліметтерді және өзгерістерді енгізеді, сондай-ақ алушыларға жүзеге асырылған әлеуметтік төлемдер (оның ішінде артық есептелген (төленген) әлеуметтік төлемдер сомасын қайтару) туралы мәліметтерді дербестендірілген есепке алуды қамтамасыз етеді.