Об утверждении Положения о порядке продления срока уплаты налога и штрафных санкций Күшін жойған
Басқа 0
Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.12.2001 № 1672 қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi
N 2235
Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған Салық төлеу және айыппұл санкцияларының
мерзiмiн ұзарту тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
Басқа 1. Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту
тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 18 сәуiрдегi
N 591 қаулысымен
бекiтiлген
Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту
тәртiбi туралы
Ереже
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже салық қызметiнiң қаржы органдарының келiсiмiмен салық төлеу (акцизден басқа) және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзартудың тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығының 152-бабында көзделген жағдайлардан басқа ретте салық төлеушiлер салық және басқа да мiндеттi төлемдер мен айыппұл санкцияларын бiрiншi кезекте төлейдi.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiлерге салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту бiр салық жылынан артық емес мерзiмге ғана берiледi, бұл ретте төлеу мерзiмiнiң ұзартылуы салық төлеушiнi осы Ереженiң 10-тармағында көзделген жағдайлардан басқа кезде бюджетке салық жарнасын уақытылы төлемегенi үшiн өсiм төлеуден босатпайды.
Тарау ii. II. Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту
тәртiбi
II. Салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту
тәртiбi
Тармақ 4
4. Салық төлеушiден дәлелдi жазбаша өтiнiш алуы бойынша салық қызметiнiң басшысы тиiстi қаржы органы басшысының келiсiмiмен төлеу мерзiмiн ұзартудың мүмкiндiгi мен негiздiлiгiн қарайды. Бұл ретте төлеушiлер салық органдарына мынадай құжаттарды тапсыруы тиiс:
төлеу мерзiмi ұзартылған уақытта салық төлеушiде қалатын қаражатты пайдалану бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Қарсы министрлiгi айқындайтын қызметтiң негiзгi көрсеткiштерi мен төлеу мерзiмi ұзартылған кезеңдегi жұмыс жоспары;
егер өткен 12 айда төлеу мерзiмi ұзартылған болса, салық төлеушiде уақытша қалған қаражаттың тиiмдi пайдаланылуы туралы есеп;
салық органымен келiсiлген төлемдердi өтеу кестесi.
Салық төлеушi жалпы мемлекеттiк салық пен айыппұл санкциялары бойынша төлемнiң мерзiмiн ұзарту үшiн қосымша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет;
салық төлеушiнi тұрғылықты жерi бойынша салық органында салық төлеушiнiң (СТН) нөмiрi көрсетiлiп, есепке қойылғаны туралы растамасы;
қаржы жағдайы туралы анықтама;
салық органымен төлемдер бойынша бюджетке өзара есеп айырысу жағдайы туралы салыстыру актiсi және оның төлеу мерзiмiн ұзарту жөнiндегi қорытындысы.
Тармақ 5
5. Төлеу мерзiмiн ұзарту туралы соңғы шешiм:
- жалпы мемлекеттiк салық бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен;
- жергiлiктi салық бойынша - тиiстi қаржы органының басшысымен.
Қабылданған шешiм туралы жазбаша хабарлама салық төлеушiге жеткiзiледi.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғалар құрусыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн (патент бойынша жұмыс iстейтiндерден басқасы) осы Ережеде көзделген салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзартудың осы секiлдi тәртiбi қолданылады.
Тармақ 7
7. Заңды тұлғалар құрусыз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтардан басқа жеке тұлғаларға салық төлеу және айыппұл санкцияларының мерзiмiн ұзарту тәртiбiн жергiлiктi органдар белгiлейдi.
Тарау iii. III. Салық төлеу және айыппұл санкциялары мерзiмiнiң ұзартылу
қолданысының тоқтатылуы
III. Салық төлеу және айыппұл санкциялары мерзiмiнiң ұзартылу
қолданысының тоқтатылуы
Тармақ 8
8. Салық төлеушi берешектi қарыз өтеу кестесiн бұзған кезде төлеу мерзiмiнiң ұзартылу қолданысы тоқтатылып, берешек жалпы белгiленген тәртiппен өндiрiлiп алынады.
Тармақ 9
9. Ұзарту мерзiмiнiң қолданылуы өткен соң салық органдары жалпы белгiленген тәртiппен төлемдердi өндiрiп алады.
Тармақ 10
10. 1997 жылдың 1 маусымына дейiнгi кезең үшiн салық төлеу мерзiмiнiң ұзартылуы бюджетке салық жарнасы уақытында төленбегенi үшiн өсiмi есептелусiз жүзеге асырылады.