О внесении изменения в Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) өзгеріс енгізу туралы 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 483-баптың 1-тармағындағы "заңдарда белгіленген тәртіппен жалғанған қажетті жабдық, сондай-ақ есептеу аспаптары болған жағдайда" деген сөздер "жалғанған қажетті жабдық болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.