О внесении изменения в Закон Республики Казахстан "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
Бап 1
1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 9-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.".
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.