Об утверждении Правил выплат денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта) и их возврата Күшін жойған
Басқа 0
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының
(спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын
бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен
жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен
жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін дайындауға қатысқан жаттықтырушыларға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) бірінші жаттықтырушы – жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде спортшыны даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 2
2) жеке жаттықтырушы – спортшыны спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасынан (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командадан) тыс болған кезеңінде оның жеке-дара даярлау жоспарын орындауына бағытталған даярлауды (кемінде үш жыл) жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 3
3) командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) жаттықтырушы –даярлықтың белгілі бір саласында (арнайы, техникалық-тактикалық, жалпы дене шынықтыру) спортшылардың оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын және (немесе) спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысымен дайындық процесін қосымша жүзеге асыратын жаттықтырушы;
Тармақша 4
4) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы (бұдан әрі – бас жаттықтырушы) – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы.
Тармақ 3
3. Ақшалай көтермелеуді алуға үміткер Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында төртінші, бесінші, алтыншы орын алған спортшылар мен командалар, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрінен әлем рекордтарын орнатқан спортшылар мен командалар жатады.
Тарау 2. 2-тарау. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару тәртібі
2-тарау. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару тәртібі
Тармақ 4
4. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне спорттың жеке түрлерінде ақшалай көтермелеуді төлеу әр спортшыға алған әрбір орны үшін ақшалай көтермелеудің жүз проценті (100 %-і) мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін спорттың жеке түрлерінде дайындауға қатысқан жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеуді төлеу әрбір алынған орын үшін мынадай қатынастарда белгіленеді:
Тармақша 1
1) бірінші жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 10 %-і;
Тармақша 2
2) жеке жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 80 %-і;
Тармақша 3
3) бас жаттықтырушысы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 10 %-і.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жаттықтырушының бірі спорттың жеке түрлерінде халықаралық спорттық жарыстардың бірнеше чемпионы мен жүлдегерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшесін дайындаған жағдайда жаттықтырушы (бірінші, жеке, бас) әрбір спортшы үшін жеке ақшалай көтермелеу алады.
Тармақ 7
7. Егер бірінші жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің жеке жаттықтырушысы болған жағдайда жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.
Тармақ 8
8. Егер жеке жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің бас жаттықтырушысы болған жағдайда жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.
Тармақ 9
9. Егер бірінші жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің бас жаттықтырушысы болған жағдайда жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.
Тармақ 10
10. Егер бірінші жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінен халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің жеке және бас жаттықтырушысы болған жағдайда жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.
Тармақ 11
11. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу әрбір спортшыға әрбір алған орны үшін ақшалай көтермелеудің 100 %-і мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) иеленген әр орын үшін ақшалай көтермелеу төлемін бас жаттықтырушы және команда екі спортшыдан құралған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген екі жаттықтырушы алады.
Тармақ 13
13. Командада (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) екі спортшы болған жағдайда ақшалай көтермелеулерді төлеу осы Қағидалардың 4 − 10-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген командалық спорт түрлеріндегі (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) жаттықтырушылар спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық спорт федерацияларының ұсынуы бойынша жаттықтырушылар кеңесінің хаттамасы негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 15
15. Командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) бас жаттықтырушыға ақшалай көтермелеуді төлеу ақшалай көтермелеудің 100 %-і мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеуді төлеу ақшалай көтермелеудің 100 %-і мөлшерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, жаттықтырушылары және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелері ақшалай көтермелеу төлемдерін алу үшін құжаттарды спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары жарыс аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 18
18. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылары мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне берілетін ақшалай көтермелеу төлемдерін алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
спортшының және осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылардың жеке куәліктерінің көшірмесі;
спортшының бірінші және жеке жаттықтырушылары көрсетілген нотариалды куәландырылған өтініші;
спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен және басшысының қолымен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
банктік немесе карт-шоттың болуы туралы анықтама;
командалық спорт түрлері үшін (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар, аралас командалық, командалық) спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының ұсынуы бойынша жаттықтырушылар кеңесінің хаттамасы;
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) тізімдерінде бірінші және (немесе) жеке жаттықтырушының тегі болмаған жағдайда дене шынықтыру-спорт ұйымы бұйрықтарының көшірмелері (бірінші және (немесе) жеке жаттықтырушының спортшылармен жұмыс өтілін растау үшін) ұсынылады.
Тармақ 19
19. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жоғары спорттық нәтижелер негізінде спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған соң жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу қаржы жылының соңына дейін республикалық бюджет есебінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Азия ойындарының, Азия Паралимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың, Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жарыстар қаржы жылының төртінші тоқсанында өткізілген жағдайда, жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Азия ойындарының, Азия Паралимпиада ойындарының, жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиаданың, Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу келесі қаржы жылы ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 22
22. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері спорттық жарысты өткізу күні қолданыста болған валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 23
23. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шотына немесе карт-шотына аударады.
Тармақ 24
24. Екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шоты немесе карт-шоты болмаған кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде жеке тұлғаның екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шотына немесе карт-шотына аударылады.
Тармақ 25
25. Допинг пайдаланған немесе пайдалануға әрекеттенген жағдайда спорттық нәтиже жойылғаны үшін ақшалай көтермелеуді алған кезде жеке және (немесе) бас жаттықтырушы болмаған бірінші жаттықтырушыларды қоспағанда, спортшылар және осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар ақшалай көтермелеуді қайтаруға тиіс.
Тармақ 26
26. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық немесе өңірлік федерациядан және (немесе) спорт түрі бойынша халықаралық федерациядан және (немесе) тиісті допингке қарсы ұйымнан спорттық нәтиже жойылғаны туралы хабарлама алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде спортшы мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылардың тұрғылықты жері бойынша ақшалай көтермелеуді қайтару қажеттігі жөнінде жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 27
27. Спортшылар мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар ақшалай көтермелеуді республикалық бюджет кірісіне қайтаруы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Ақшалай көтермелеу қайтарылғаннан кейін спортшылар мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар үш жұмыс күні ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ақшалай көтермелеудің республикалық бюджет кірісіне қайтарылғанын растайтын құжат көшірмесін ұсынады.
Тармақ 29
29. Осы Қағидалардың 27-тармағын спортшылар мен осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жаттықтырушылар сақтамаған жағдайда төленген ақшалай көтермелеуді өндіріп алуды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган сот тәртібімен жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін қайта қарау жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Дүниежүзілік допингке қарсы ұйымның, Халықаралық Олимпиада комитетінің, Халықаралық паралимпиада комитетінің, Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің, Халықаралық федерацияның шешімі негізінде неғұрлым жоғары спорттық нәтиже берілген кезде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар мен спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.