Об утверждении перечня открытых данных, размещаемых на интернет-портале открытых данных Күшін жойған
Басқа 0
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын
ашық деректердің тізбесін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Стратегия және жедел басқару департаменті (Штаб) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс - қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
төрағасының 2020 жылғы 13 наурызы
№ 72 бұйрығымен бекітілді
Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі
№
Ашық деректер жинағының атауы
Жаңғырту мерзімділігі
Ақпаратты ұсыну мерзімі
Дерекөз (Ашық деректер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның Application Programming Interface жүйелері арқылы)
Жауапты құрылымдық бөлімше
1
Агенттіктің құрылымы
өзгеру шамасына қарай
өзгеру шамасына қарай
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Кадр жұмысы департаменті
2
Агенттіктегі бос лауазымдар туралы ақпарат
бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялануына қарай
бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялануына қарай
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Кадр жұмысы департаменті
3
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттік (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 - күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Стратегия және жедел басқару департаменті (Штаб)
4
Агенттіктің стратегиялық жоспары
жыл сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Стратегия және жедел басқару департаменті (Штаб)
5
Агенттіктің Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп
жыл сайын
есепті кезеңнен кейінгі 25 ақпанға
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Стратегия және жедел басқару департаменті (Штаб)
6
Анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Стратегия және жедел басқару департаменті (Штаб)
7
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Стратегия және жедел басқару департаменті (Штаб)
8
Халықаралық шарттардың тізбесі
өзгеріс шамасына қарай
өзгеру шамасына қарай
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Серіктестік департаменті
9
Агенттік желісі бойынша өткізілетін халықаралық
іс-шаралар туралы ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Серіктестік департаменті
10
Жобалау кеңселерінің жұмысы, адалдық алаңы және Protection Business and Investments туралы ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Парасаттылық департаменті
11
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Парасаттылық департаменті
12
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу нәтижелері
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Превенция департаменті
13
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындауы мониторингінің нәтижелері
жарты жылда 1 рет
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Превенция департаменті
14
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
Превенция департаменті
15
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау себептері мен жағдайларын жою бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 200-бабы тәртібімен ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпарат
тоқсан сайын
есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне
Ашық деректер
интернет-порталының
АЖО
1 департамент