Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление аудиторской деятельности» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Басқа 0. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары- Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурызы № 336 бұйрығымен бекітілген Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудиторлық қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органмен (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) әзірленген аудиторлық ұйымдардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) аудиторлық қызметін лицензиялау тәртібін көрсетеді.
Тармақ 2
2. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz, «электрондық үкімет» веб-порталы» (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мынадай кіші түрлерін қамтиды: аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеу және аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтату.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жазылған.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жолданады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» сақталады.
Тармақ 5
5. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма – қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
2-тарау. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті алушылар лицензия алу, қайта рәсімдеу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 6-1
6-1. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан уәжді түрде бас тартады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін, сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, оның ішінде Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттар қоса ұсынылған мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӘҚНК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНК), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті ұсына отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде sd@nitec.kz электрондық поштасы арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолымен «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (оператор) хабардар етеді. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 9
9. Сұрау салуды өңдеуді, оның ішінде тіркеуді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйеге сұрау салу келіп түскен кезден бастап жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны: лицензия беру кезінде:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың мазмұнын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес бір жұмыс күні ішінде тексереді;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен қорытынды жобасын, лицензия беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты және лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты үш жұмыс күні ішінде дайындайды; лицензияны қайта рәсімдеу кезінде:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші түскен күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардың мазмұнын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес бір жұмыс күні ішінде тексереді;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты үш жұмыс күні ішінде дайындайды; лицензияның қолданылуын тоқтату кезінде:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағына сәйкес екі жұмыс күні ішінде тексереді;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарауы, дайындауы аудиторлық қызмет саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасы басшысымен қорытынды жобасын, лицензия беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты және лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті беруші сегіз жұмыс күні ішінде дайындайды.
Тармақ 9-1
9-1. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, орны және тәсілі туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі)
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – негізгі талаптар тізбесі) Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру» Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы: 1. Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру; 2. Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу; 3. Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту. 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­ле­рін алу: «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­тал­да­ры (бұ­дан әрі – пор­тал) www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі ли­цен­зия бе­ру – 4 (төрт) жұ­мыс кү­ні; ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу – 4 (төрт) жұ­мыс кү­ні; ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту – 10 (он) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Ауди­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу және ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту неме­се осы негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны – элек­трон­дық. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да тө­ле­ма­қы алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» (Са­лық ко­дек­сі) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 554-ба­бы­на сәй­кес же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін ли­цен­зи­я­лық алым тө­ле­не­ді: 1) ауди­тор­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі ли­цен­зи­я­лық алым – 10 ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті құ­рай­ды; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін ли­цен­зи­я­лық алым – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10 %-ын құ­рай­ды; 3) ли­цен­зи­я­ны тоқ­та­тқа­ны үшін ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды. 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден ба­стап 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.30-ден ба­стап 18.00-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит ко­ми­те­ті­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 2) пор­тал – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды); 3) Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы – күн сай­ын са­ғат 9.00-ден ба­стап 21.00-ге дей­ін. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі 1) ли­цен­зия алу үшін: осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­да көз­дел­ген, Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ли­цен­зи­я­ны алу үшін заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, ауди­тор­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат. Ауди­тор­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на бюд­жет­ке ли­цен­зи­я­лық алым­ның тө­лен­ге­ні ту­ра­лы де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де алу мүм­кін­ді­гі болған жағ­дай­да, осы құ­жат­ты ұсы­ну та­лап етіл­мей­ді; осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­да көз­дел­ген өті­ніш бе­ру­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; бас­шы­ның және ауди­тор­лар­дың бі­лік­ті­лік ку­ә­лік­те­рін бе­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Ше­тел­дік ұй­ым (ше­тел­дік ұй­ым­дар) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті-ауди­тор­лық ұй­ым­ды құр­ған кез­де, жо­ға­ры­да атал­ған құ­жат­тар­дан бас­қа, ше­тел­дік ауди­тор­лық ұй­ым өзі­нің мәр­те­бе­сін рас­тау үшін: ел­дің кә­сі­би ауди­тор­лық ұй­ы­мы бе­ре­тін ауди­тор­лық ұй­ым­ның мәр­те­бесiн рас­тау ту­ра­лы аудар­ма­сы­мен но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және ше­тел­дiк ауди­тор­лық ұй­ым­ның мәр­те­бесiн рас­тай­тын Ха­лы­қа­ра­лық бух­гал­тер­лер фе­де­ра­ци­я­сын­да­ғы кәс­i­би ауди­тор­лық ұй­ым­ның мү­шелi­гі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі неме­се өзi ре­зи­ден­тi бо­лып та­бы­ла­тын мем­ле­кет­тiң құ­зы­рет­тi ор­га­ны бе­ретiн ауди­тор­лық ұй­ым­ның мәр­те­бесiн рас­тау ту­ра­лы аудар­ма­сы­мен но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған хат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі не но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған ли­цен­зи­я­ның кө­шiр­месi; 2) ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу үшін: осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­да көз­дел­ген, Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы қай­та ре­сім­деу үшін заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші. ЭҮТШ ар­қы­лы тө­леу жағ­дай­ла­рын қо­с­па­ған­да, бюд­жет­ке ауди­тор­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға құқық бе­ре­тін ли­цен­зи­я­лық алым тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат. Ауди­тор­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ды бюд­жет­ке тө­леу ту­ра­лы де­ректер­ді ав­то­мат­ты ре­жим­де алу мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да осы құ­жат­ты ұсы­ну та­лап етіл­мей­ді; қай­та ре­сім­деу үшін негіз­де­ме рас­тай­тын құ­жат (құ­ры­л­тай­шы­лар ше­ші­мі; 3) ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту үшін: осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­да көз­дел­ген, Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ли­цен­зи­я­ны тоқ­та­ту үшін заң­ды тұл­ға­ның өті­ні­ші; ли­цен­зи­я­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту үшін негіз­де­ме­ні рас­тай­тын құ­жат (болған жағ­дай­да). Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат­ты ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да заң­ды тұ­лға­лар­дың осы са­на­ты үшін қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лын­ған; 2) ли­цен­зи­я­лық алым ен­гі­зіл­ме­ген; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­ген; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты ли­цен­зи­я­ла­у­ға жа­та­тын қыз­мет­ті тоқ­та­та тұ­ру неме­се олар­ға тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған; 5) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­нуы негі­зін­де сот көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы-бо­рыш­кер­ге ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым сал­ған; 6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ли­цен­зия алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер бо­лып та­бы­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­нет», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Іш­кі мем­ле­кет­тік аудит ко­ми­те­ті­нің www.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Басқа 2. Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан Лицензия алу үшін заңды тұлғаның өтініші __________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) __________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) _________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауын көрсету) жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын. Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________________________________ ((шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________________________ Телефоны ______________________________________________________ Факс___________________________________________________________ Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы) ______________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) __________ парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны; қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені; өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны; өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келіскені расталады. Басшы _________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 3. Өтініш беруші туралы мәліметтер
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Өтініш беруші туралы мәліметтер Кә­сі­по­рын­ның мөл­шер­лі­гі: ша­ғын х ор­та х ірі х Қыз­мет­ті рас­тау Қыз­мет түр­ле­рі «Ауди­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 3-ба­бы­ның 2 және 3-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ті­нін рас­тай­мын х (тиісті жолаққа х белгісі қойылады) Басшының мәліметтерінің нысаны Аудитор ретіндегі аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер Басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________________ Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі ________________ № Жұ­мыс ор­ны Ла­у­а­зы­мы Жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі Жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні Ал­дың­ғы жұ­мыс ор­ны­ның ұй­ым­ның ата­уы Ал­дың­ғы жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі Ал­дың­ғы жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 «Аудитор» біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері № Ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні Ку­ә­лік нө­мі­рі «Ауди­тор» бі­лік­ті­лі­гін бер­ген ұй­ым­ның ата­уы 1 2 3 4 Аудиторлардың мәліметтер нысаны Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы мәліметтер № Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Ауди­тор­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) Жұ­мыс ор­ны Ла­у­а­зы­мы Жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі Жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні Ал­дың­ғы жұ­мыс ор­ны­нан ұй­ым­ның ата­уы Ал­дың­ғы жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың нө­мі­рі Ал­дың­ғы жұ­мыстан боса­ту ту­ра­лы бұй­рық­тың кү­ні 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 «Аудитор» біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері № Ку­ә­лік­тің бе­рі­л­ген кү­ні Ку­ә­лік­тің нө­мі­рі «Ауди­тор» бі­лік­ті­лі­гін бер­ген ұй­ым­ның ата­уы 1 2 3 4
Басқа 4. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан Лицензияны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтініші _____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ____________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН) ____________________________________________________________________ 20___ жылғы «___» _________ берілген № ________________________ лицензияны жүзеге асыруға қайта ресімдеуді сұраймын (лицензияның нөмірі (- лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) (керегінің астын сызу) __________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) заңды тұлға-лицензиатты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға х қою қажет): бірігу ____ қайта құру ____ қосылу ____ жеке шығу ____ бөліну ____ 2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____________________________________________________________________ 3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____________________________________________________________________ 4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «обьектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____________________________________________________________________ 5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе, лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, обьект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________ 6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талап болған жағдайларда ____________________________________________________________________ 7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _____________________________________________________ Заңды тұлғаның мекенжайы ________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта ______________________________________________________________ Телефоны ____________________________________________________________________ Факс____________________________________________________________ Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ____________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) ________парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны; қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені; өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны; өтініш беруші мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келіскені расталады. Басшы ____________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 5. Лицензияның қолданылуын тоқтатуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан Лицензияның қолданылуын тоқтатуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ___________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның БСН болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің БСН) __________________________________________________________________ (қызмет түрінің толық атауы) мынадай негіз(-дер) бойынша (тиісті ұяшыққа Х қою қажет): 20___ жылғы «___» _________ № _________________________ берілген ____________________________________________________________________ (лицензияның нөмірі (- лері), берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы) лицензияның қолданылуын тоқтатуды сұраймын (керегінің астын сызу) 1) лицензияны ерікті түрде қайтару; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда. Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін - елі, пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта ____________________________________________________________________ Телефоны ____________________________________________________________________ Факс_____________________________________________________________ Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат(стационарлық үй-жай) нөмірі) ________парақта қоса беріліп отыр. Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жолдауға болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны; қоса берілген барлық құжат шындыққа сәйкес келетіні және жарамдылығы; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергені; өтініш беруші ұсынылған (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыны; өтініш беруші мемлекеттік корпорация қызметкерінің (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда) өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыруға келіскені расталады. Басшы ____________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________