Об утверждении Правил определения доходов физического лица, подлежащего налогообложению, косвенным методом Күшін жойған
Басқа 0
Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 72-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 383 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14160 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 9 қыркүйекте жарияланған);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтары тізбесінің 2-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15096 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 0. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 16 наурызы № 275
бұйрығымен бекітілді
Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 72-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау (бұдан әрі – жанама әдіс) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау, салық декларацияларында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалардың күші дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты оның осындай қызметті жүзеге асыру кезеңіне қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының арнайы ұғымдары мен терминдері Салық кодексінің тиісті баптарында айқындалатын мағынасында пайдаланылады.
Тарау 2. 2-тарау. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау тәртібі
2-тарау. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау тәртібі
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – МКО) Салық кодексінің 72-бабы 6-тармағына сәйкес жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама әдісінің мынадай түрлерін:
Тармақша 1
1) активтердің құн өсімі әдісін;
Тармақша 2
2) шығындарды есепке алу әдісін;
Тармақша 3
3) банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісін қолданады.
МКО қажет болған жағдайда, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген әдістер жиынтығын пайдаланады.
Тармақ 6
6. Жанама әдіспен айқындау мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) объектілерді айқындау;
Тармақша 2
2) объектілерді бағалау;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның кірісін есептеу.
Тармақ 7
7. МКО объектілерді айқындау үшін:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның банк шоттарындағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы, жеке тұлғаға берілген кредиттер және ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге арналған шығыстар туралы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлік туралы, медициналық және білім беруге арналған шығыстар туралы, жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, оның ішінде сақтандыру шарттары, жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен, биржалық тауарлармен мәмілелері туралы және әлеуметтік төлемдер бойынша аударымдар мен төлемдер туралы;
Тармақша 3
3) Салық кодексінің 294-бабы 3-тармағына сәйкес айқындалатын шет мемлекеттегі мүлік, оның ішінде салық салуда жеңілдігі бар мүлік туралы;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалар табыс еткен салық есептілігі нысандарынан;
Тармақша 5
5) салықтық және кедендік бақылаудың, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәмілелер жасасқан және (немесе) жеке тұлғада есеп айырысу бойынша дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек пайда болған тұлғаларға қатысты өзге де нысандарының нәтижелері бойынша алынған;
Тармақша 6
6) құжаттамалық расталған басқа ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдаланады.
Тармақ 8
8. МКО объектілерді айқындау мақсатында:
Тармақша 1
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және өзге де ұйымдарға;
Тармақша 3
3) қолданыстағы халықаралық шарттар негізінде ақпарат алмасу шеңберінде шет мемлекеттердің құзыретті органдары немесе осындай ақпарат бар халықаралық ұйымдарға сұрау салулар жолдайды.
Тармақ 9
9. Мәлімет көздері мән-жайларға, жеке тұлға қызметінің сипаты мен түріне қарай әрбір нақты жағдайда ерекшеленуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Объектілерді бағалау салық есептілігінен және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттардан, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жеке тұлғада активтердің, оның ішінде аяқталмаған құрылыс объектілердің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің, материалдық емес активтердің, жылжамайтын инвистициялардың және өзге де мүліктің бағасын растайтын құжаттар болмаған кезде осы жеке тұлғаның кірісіне көрсетілген активтің нарықтық бағасы қосылады.
Объектілердің нарықтық құны МКО тартатын, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын бағалаушы есебінің негізінде айқындалады.
Тармақ 12
12. МКО жанама әдістер негізінде айқындаған объектілер туралы мәліметтері жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген тиісті деректермен салыстырылады.
Тармақ 13
13. Салықтық бақылау кезінде жеке тұлғаның декларацияларында көрсетілген сомалар қабылданады.
Тармақ 13-1
13-1. Жеке тұлғаның Салық кодексінің 635-бабында белгіленген мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырмауы осындай жеке тұлғада:
жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістердің;
мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау болып есептеледі.
Тармақ 14
14. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсетілген кірістері, жеке тұтынуға, оның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сәйкес келмесе МКО кіріс пен салықты, өткен кезеңдердегі кірістерін ескере отырып, оның жұмсаған шығыстары негізінде айқындайды.
Тармақ 15
15. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау нәтижелері салықтық тексеру жүргізу және (немесе) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асыру барысында пайдаланылады.