Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении карантина

Өзге акт · № 1 · қабылданған 18.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-140956/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об установлении карантина Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·18.03.2020
27.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантина

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантина
Атауы (қаз.)
Карантин белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
18.03.2020
Көрсетілген редакция
27.08.2020 140956_477815.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NCB09073
ЭКБ идентификаторы
140956
Редакция идентификаторы
140956_477815
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:36

0 Карантин белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 14 қаңтардағы № 01-20/32 ұсынысы негізінде Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округінің Қайыңды ауылының аумағында орналасқан Қалижанова Рыскул Серікқызының жеке ауласының аумағында ірі қара мал қарасанының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

2. «Қазакстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайда қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3. «Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы