"О внесении изменений в Правила работы пунктов скупки у населения изделий из драгоценных металлов и лома таких изделий" Қолданыста
Басқа 0
Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдар мен осындай бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi жұмысының Ережесiне өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20-шiлдедегi "Бағалы металдар және тастармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" заңдық күшi бар Жарлығына нормативтiк актiлердi сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi жұмысының Ережесiне" мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1.1-тармақ. Бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықтан бағалы металдардан жасалған бұйымдарды және осындай бұйымдардың сынықтарын сатып алу пункттерi меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан зергерлiк бұйымдардың сатылуын жүзеге асырушы сауда кәсiпорындарында немесе жекелеген сатып алу пункттерiнде ұйымдастырылады".
1.2-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Қазақзергер" республикалық бөлшек сауда кәсiпорнымен жергiлiктi жерлердегi сауда басқару органдары осы бұйрықты тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзетiн болсын.