Об утверждении Правил оказания дополнительной адресной социальной помощи отдельным категориям малообеспеченных граждан (семей) Күшін жойған
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтардың (отбасыларының) жекелеген тобына қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Щучье аудандық мәслихатының 03.06.2006 № С-7/4 шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес стационарда емделу, аз қамтамасыз етілген азаматтарды дәрігерлік мекемелерде қарау, саяжай учаскесін жалға алғаны, аз қамтамасыз етілген азаматтар өсімдік тұқымдарын сатып алуға, аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы мүгедектер санаторийлік курорттық жолдама сатып алуы, ісік аурулары салдарынан болған мүгедектерге және балалардың паралич ауруы салдарынан мүгедек балаларды тиісті дәрігерлік мекемелерде емдеуге темір жол көлігімен жүруіне қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Стационарлық емделуге, аз қамтамасыз етілген азаматтарды дәрігерлік мекемелерде қарауға, саяжай учаскесін жалға алғаны, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан мүгедектердің санаторийлік курорттық жолдама сатып алуы өтеміне қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету ережелері 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ісік аурулары салдарынан болған мүгедектерге және балалардың паралич ауруы салдарынан мүгедек балаларды тиісті дәрігерлік мекемелерде емдеуге темір жол көлігімен жүруіне қосымша әлеуметтік көмек көрсету ережелері 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген уақыттан бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Шешім аудандық «Бурабай» және «Луч» газеттерінде жариялансын.
Басқа 5
Щучье аудандық мәслихатының
26 желтоқсан 2002 жылғы
«Аз қамтамасыз етілген азаматтардың
(отбасыларының) жекелеген тобына
қосымша әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту туралы.» № С-21/4
шешеміне 1 қосымша.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға жатып емделу, дәрігерлік мекемелерде қарауға қосымша арнаулы әлуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы ережелер аз қамтамасыз етілген азаматтарға жатып емделу, дәрігерлік мекемелерде қарауға косымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 258.51 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша белгіленеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының, Заңы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек стационарда емделетін немесе дәрігерлік мекемелерде қаралуды қажет ететін аз қамтамасыз етілген азаматтарға тағайындалып және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда комиссия ол туралы арыз иесіне хабарланды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген 7 мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі сот тәртібінде қайта каралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) жатып емделу немесе қаралуы қажеттілігі жөніндегі дәрігерлік мекеменің корытындысы;
Тармақша 2
2) дәрігерлік кеңес беру комиссиясының анықтамасы;
Тармақша 3
3) тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 4
4) жеке куәлігі;
Тармақша 5
5) жеке куәлігі;
Тармақша 6
6) РНН көшірмесі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
Тармақ 12
12. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың жатып емделуіне және дәрігерлік мекемеде қаралуына әлеуметтік көмек жылына бір рет 5000 теңге көлемінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі.
5. Әлеуметтік көмек төлемі.
Тармақ 13
13. Аз қамтамасыз етілген азаматтардың стационарлық емделуіне және дәрігерлік мекемеде қаралуына әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар аркылы жүргізіледі.
Басқа 31
Щучье аудандық мәслихатының
26 желтоқсан 2002 жылғы «Аз қамтамасыз
етілген азаматтардың (отбасыларының)
жекелеген тобына қосымша әлеуметтік
көмек көрсету ережелерін бекіту
туралы № С-21/4 шешеміне 2 қосымша.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларына саяжай учаскесін жалға алғаны және өсімдік тұқымын сатып алғанына қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері.
1. Жалпы ережелері.
Тармақ 1
1. Осы ережелер аз қамтамасыз етілген отбасыларына саяжай учаскесін жалға алғаны және өсімдік тұқымын сатып алғаны үшін қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 258.51 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдардарламасы бойынша белгілінеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Саяжай учаскесін жалға алғаны және өсімдік тұқымын сатып алуы төлемі үшін тұрмысы кедейлік деңгейінен төмен, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасы бойынша есепте тұрған отбасыларының өзін-өзі жеміс жидекпен қамтамасыз етуі мақсатында әлеуметтік көмек тағайындалып және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға қүқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде каралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда комиссия ол туралы арыз иесіне хабарланды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген Мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі сот тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) саяжай учаскесін жалға алғаны жөнінде келісім-шарт;
Тармақша 2
2) тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 3
3) жеке куәлігі;
Тармақша 4
4) РНН көшірмесі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
Тармақ 12
12. Жалға алғанына төлем үшін әлеуметтік көмек 1000 теңге көлемінде беріледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі.
5. Әлеуметтік көмек төлемі.
Тармақ 13
13. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына саяжай учаскесін жалға алғаны және өсімдік тұқымының төлеміне қосымша әлеуметтік көмек жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Басқа 55
Щучье аудандық мәслихатының
26 желтоқсан 2002 жылғы
«Аз қамтамасыз етілген азаматтардың
(отбасыларының) жекелеген тобына
қосымша әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту туралы» № С-21/4
шешіміне 3 қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы мүгедектерге санаторийлік курорттық жолдама сатып алуы үшін қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету ережелері.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы ережелер аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы мүгедектерге санаторийлік курорттық жолдама сатып алуы үшін қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібі 258.51 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдардарламасы бойынша белгілінеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрмыс жағдайы кедейлік деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы мүгедектерге санаторийлік-курорттык жолдама сатып алу үшін әлеуметтік көмек алдын ала емделуден өту мақсатында тағайындалып және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңңамада белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда комиссия ол туралы арыз иесіне хабарланды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі сот тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) мүгедектердің санаторийде алдын ала емделуі қажеттілігі жөнінде дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытырдысы;
Тармақша 2
2) тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 3
3) Дәрігерлік әлеуметтік сараптама бөлімінің анықтамасының көшірмесі
Тармақша 4
4) жеке куәлігі көшірмесі;
Тармақша 5
5) РНН көшірмесі.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек мөлшерін арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия белгілейді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі.
5. Әлеуметтік көмек төлемі.
Тармақ 13
13. Аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы мүгедектерге санаторийлік курорттық жолдама сатып алу үшін әлеуметтік көмек төлемі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек төлемі тиісті операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар, Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша конкурста жеңіп шыққан ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Басқа 80
26 желтоқсан 2002 жылғы
«Аз қамтамасыз етілген азаматтардың
(отбасыларының) жекелеген тобына
қосымша әлеуметтік көмек көрсету
ережелерін бекіту туралы.» № С-21/4
шешіміне 4 қосымша.
Аз қамтамасыз етілген азаматтар қатарындағы ісік аурулары салдарынан болған мүгедектерге және балалардың паралич ауруы салдарынан мүгедек балаларды тиісті дәрігерлік мекемелерде емдеуге темір жол көлігімен жүруіне қосымша арнаулы әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Осы ережелер ісік аурулары салдарынан болған мүгедектерге және балалардың паралич ауруы салдарынан мүгедек балаларды тиісті дәрігерлік мекемелерде емдеуге темір жол көлігімен жүруіне қосымша арнаулы әлеуметтік көмек корсету тәртібі 258.51 258.51 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтарға әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдардарламасы бойынша белгілінеді.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ережелерді қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек ісік аурулары салдарынан болған мүгедектерге және балалардың паралич ауруы салдарынан мүгедек балаларды Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында емдеуге немесе дәрігерлік мекемелерде қаралуына тағайындалып және төленеді.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі есептеу жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтар тізімін жасайды, аудандық қаржы бөліміне қаржыландыруға арыз береді.
Тармақ 5
5. Ереже Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік арнаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңында белгіленген қатынастарға жарамсыз.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
2. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішті оны алуға кұқықты адам тиісті құжаттармен бірге тапсырады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған жағдайда комиссия ол туралы арыз иесіне хабарланды.
Тармақ 9
9. Арыз иесі өтініші мен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы және шек келтірілмейтініне Заңнамаға сәйкес жауап береді.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімі сот тәртібінде қайта қаралуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) Дәрігерлік мекемеде емделуі немесе қаралуы кажеттілігі туралы облыстық денсаулық сақтау департаментінің жолдамасы;
Тармақша 2
2) тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 3
3) жеке куәлігі көшірмесі;
Тармақша 4
4) РНН көшірмесі;
Тармақша 5
5) жол жүру билеті.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
4. Әлеуметтік көмек мөлшері.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмек дәрігерлік мекемеге плацкарт вагонда барып және қайтып жол жүру билеті негізінде жылына бір рет төленеді.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмек төлемі.
5. Әлеуметтік көмек төлемі.
Тармақ 13
13. Ісік аурулары салдарынан болған мүгедектерге және балалардың паралич ауруы салдарынан мүгедек балаларды емдеуге темір жол көлігімен жүруіне әлеуметтік көмек жергілікті бюджет есебінен толенеді.