Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Шетскому району Күшін жойған
Басқа 0
Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шет ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 09/01 «Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4634 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Әбілдинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 0. Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ананың төлемақысының мөлшері
Шет ауданы әкімдігі
2020 жылғы 1 сәуірі
№ 15/01
қаулысына қосымша
Шет ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ананың төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айлық төлемақы мөлшері (теңге)
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мемлекеттік
Жеке меншік
Мемлекеттік
Жеке меншік
Мемлекеттік
Жеке меншік
1
Балабақша
665
255
1 жастан 3 жасқа дейін 7800
3жастан 6 жасқа дейін 8500
1 жастан 3 жасқа дейін 7800 3жастан 6 жасқа дейін 8500
10000
30000
2
Мектепке дейінгі шағын орталық
538
-
1жастан 3 жасқа дейін 5500
3 жастан 6жасқа дейін 6500
-
9780
-