Об утверждении Положения об участковых комиссиях Күшін жойған
Басқа 0
Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 15.03.2006 № 7 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 5-бабының 3-тармағының негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау рәсімдерін жетілдіру мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген учаскелік комиссиялар туралы ереже 1-қосымшаға сәйкес Қостанай облыстық мәслихатына келісуге енгізілсін және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссияның атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы қорытындысының және уәкілетті органның атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің үлгілері 2, 3-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтерді ақысыз растайтын уәкілетті орган болып қалаларда ішкі істер органдары, поселкелерде, ауылдарды (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде тиісінше поселкенің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 13 маусымдағы № 61 «Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» (тіркеу № 1612 «Костанайские новости» газеті № 112, 30.07.2002 ж.) шешімнің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 5. Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 92 шешіміне
1-қосымша
Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Осы Ереже мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі (мәтінде әрі қарай-учаскелік комиссия) учаскелік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Учаскелік комиссия мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссиялардың құрамына жергілікті өкілді органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқық қорғау органдарының өкілдерін енгізуге болады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы керек.
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмысын, комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап беретін, төраға басқарады.
Төраға болмаған жағдайда оның міндетін орынбасар атқарады.
Тармақ 4
4. Учаскелік комиссиялар өзінің қызметінде қолданыстағы заңнаманы және осы ережені басшылыққа алады.
Комиссия өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер мен құқықтар
2. Негізгі міндеттер мен құқықтар
Тармақ 5
5. Учаскелік комиссиялар төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті органдарға және поселке, ауыл (село) әкімдеріне халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметіне, әлеуметтік көмектің атаулы сипатын арттыру және қаражатты ең мұқтаж отбасыларына бағыттау мақсатындағы қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның немесе ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша әлеуметтік көмек алудан үміткерлердің келісім бергендерінің тұрып жатқан орындарына барып, материалдық жағдайын нақтылы тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) уәкілетті органның, поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша табыс етілген құжаттарды ішінара тексереді;
Тармақша 4
4) атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттігі туралы (арыз беруші табыс еткен құжаттардың, әлеуметтік карталардың немесе арыз беруші отбасын материалдық тексерудің негізінде) бекітілген үлгі бойынша қорытынды әзірлейді.
Тармақ 6
6. Атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттілігі туралы қорытынды дайындағанда учаскелік комиссия төмендегі жағдайларда атаулы көмек тағайындалмасын деген ұсыныс беруге құқылы:
Тармақша 1
1) отбасының»жұмыссыз мүшесi ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан (оның iшiнде уақытша) себепсiз бас тартса, қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқытуды өз бетiнше тоқтатса;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк атаулы Әлеуметтiк көмек алу мақсатында табысты әдейi жасыру фактiсi анықталғанда;
Тармақша 3
3) өтiнiш берушi отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелiк комиссия мүшелерiн жiбермесе, сонымен қатар өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын толық және объективтi тексеруге кедергi жасалса;
Тармақша 4
4) өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексеру мақсатымен келгенде оның»тұрғылықты жерде (екi реттен көп) болмауы;
Тармақша 5
5) өтiнiш берушiнiң учаскелiк комиссияның отырысына себепсiз қайталай келмеуi;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерi iшкiлiкке, нашақорлыққа улы заттармен әуестенуге салынса;
Тармақша 7
7) атаулы әлеуметтiк көмек алудан үмiткер адамдардың өздерiнiң еңбек табыстарын көбейтуге және отбасының»жағдайын жақсартуға талаптанбауы.
Тармақ 7
7. Егер атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттігі туралы қорытынды жасағанда, комиссия мүшелерінің бекітілген құрам санының 2/3 қатысса, комиссия шешім қабылдауға өкілетті.
Комиссияның қорытындысы ашық дауыспен қабылданады және қатысып отырған комиссия мүшелерінің көбі қорытындыға дауыс берсе, ол қабылданған болып есептеледі. Дауыс бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
3. Материалдық жағдайға тексеру жүргізу
Тармақ 8
8. Арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеруді учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімінің тапсырмасы бойынша жүргізеді.
Учаскелік комиссиялар тексеру барысында арыз берушінің атаулы әлеуметтік көмек сұрауына байланысты жағдайларды анықтайды.
Төмендегі жағдайларға көңіл бөледі:
отбасының нақтылы құрамы;
отбасы мүшелерінің жұмыс істейтіндерінің санына;
еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелерінің жұмыс істемейтіндерінің (жұмыссыздарының, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелгендерінің (тіркелмегендерінің) санына;
отбасында 7 жасқа дейінгі баланы, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы, 1 және 2 топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан қарттарды, ауруларды күтіп отырған еңбекке қабілетті адамның болуына;
отбасында кәмелетке толмаған балалардың және күтуге мұқтаж адамдардың (мүгедектердің, қарттардың, аурулардың) болуы;
жұмыспен қамтылмағаны туралы мәлімдегендердің нақтылы табыс деңгейі (отбасы мүшелерінен, көршілерден сұрау арқылы анықталады);
шартты жер үлесінің, малдың (ірі қара мал, жылқы, түйе, қой, шошқа), құстың (тауық, үйрек, қаз), саны, жер учаскесінің, оның ішінде үй жанындағы учаске, бақша, саяжайлардың, болуы және, шамасы, оларды пайдаланудан түсіп отырған нақтылы табыстың мөлшері;
үй-жайдың (пәтердің, үйдің) болуы және санына;
пайдалануға жарамды автокөліктің (мүгедектіктіктен басқа) болуына немесе болмауына;
мүліктік үлестің болуы және шамасына;
басқаларға.
Әлеуметтік көмек алуға арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексеру арыз берушінің немесе кәмелетке толған отбасы мүшесінің қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Қажет болған жағдайда учаскелік комиссиялар уәкілетті органның немесе поселке, ауыл (село) әкімі тапсырма берген күннен бастап бес күндік мерзімде атаулы әлеуметтік көмек сұрап, өтініш жасаған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша учаскелік комиссиялар адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытынды әзірлейді, оған барлық комиссия мүшелері қол қояды және оны уәкілетті органға немесе поселке, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.
Арыз беруші учаскелік комиссия мүшелеріне тексеруге үшін немесе толық және объективті тексеруге кедергі жасаса, учаскелік комиссия қорытындыда бұл туралы тиісті белгі жасайды.
Тармақ 10
10. Арыз берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссиялар азаматтардың жеке өміріне деген сыйластықты сақтай отырып, олардың қадыр-қасиетін қорлайтындай іс-қимылға бармайтын жағдайда өткізуге тиіс.
Комиссия мүшелері азаматтардың жеке өмірі туралы деректерді жария етпеуге міндетті.
Басқа 30
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 92 шешіміне
2-қосымша
_________________________________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөнi)
_________________________________________________________________________________________
(мекен-жайы)
отбасына Қазақстан Республикасының»«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заңының
негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмек беру туралы
_________________________________________________________________________________________
қаланың, ауданның, поселкенiң, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiң учаскелiк
комиссиясының
№ ________ Қорытындысы
Учаскелiк комиссия төмендегi жұмысты iстеп (керегiнiң астын сызу):
1) отбасының құжаттарын қарап;
2) отбасының»материалдық жағдайын тексерiп;
3) iшiнара құжаттарды қайта тексерiп
Анықтады:
_____________________ өтiнiш берушiнiң тұрғылықты тұратын жерiнде тұрып жатқан отбасы
мүшелерiнiң нақты саны ______________________________________________ олардың iшiнде:
№
Аты-жөнi,
туған жылы
Айналысатын
істiң түрi
Жұмыссыз
ретiнде
қай уақыттан
берi келген
7 жасқа
дейiнгi
балаларды, 1, 2
топтағы
мүгедектердi,
80 жастан
асқан
адамды
күтумен
айналысатын
жұмыссыз
Жұмыссыздың
қоғамдық
жұмысқа
және
әлеуметтiк жұмыс
орнына тартылғаны туралы
мәлiмет (жұмыстың
түрi және мерзiмi көрсетiледi)
Жұмыссыздың қоғамдық жұмыстан әлеуметтiк жұмыс орнынан себепсiз бас тартуы немесе өз бетiнше тастап кетуi туралы мәлiмет
1
2
3
4
5
6
Қосалқы шаруашылық ______________________________________________________________________
(бар, жоқ)
есептегенде _____________________________________________________________________________
(егер бар болса, қосалқы шаруашылықты жазу)
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Жер учаскесi, оның iшiнде үйдi»жанындағы
_________________________________________________________________________________________
(бар, жоқ, өңделедi, өңделмейдi)
көлемi __________________ өңделмейтiн учаске болса, оның себебiн көрсету ________________
_________________________________________________________________________________________
Пайдалануға жарайтын автокөлiк __________________________________________________________
(бар, жоқ)
_________________________________________________________________________________________
(саны, суреттеу)
_________________________________________________________________________________________
Табыстың нақты деңгейi көрсетiлген табыстың деңгейiне
_________________________________________________________________________________________
(сәйкес, сәйкес емес)
Баяндалған мән - жайды ескере отырып, комиссия шештi:
1) Атаулы әлеуметтiк көмек беруге ұсыныс жасалсын
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалатын адамдарды тегiс тiркеу)
______________, өйткенi _________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(учаскелiк комиссияның пiкiрi)
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Атаулы әлеуметтiк көмек беруге ұсыныс жасаудан бас тарту
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(ұсыныс жасалмаған адамдарды тегiс тiркеу)
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
______, өйткенi _________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
(учаскелiк комиссияның пiкiрi)
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
2) Отбасына атаулы көмек беруге ұсыныс жасаудан бас тарту, өйткенi
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Комиссияның қорытындысымен таныстырылды
_________________________________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң аты-жөнi және қолы)
«____» ______________________ 200___ ж.
Комиссия төрағасы: ____________________
(аты-жөнi)
Комиссия мүшелерi: ____________________
Басқа 31
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 92 шешіміне
3-қосымша
Шешім № _________
200__ жыл «___» «__________»
1. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының 4, 7-
баптарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалсын.
Аты-жөні ________________________________________________________________________________
Мекен-жайы ______________________________________________________________________________
Отбасы мүшелерінің саны _________________________________________________________________
Әлеуметтік картаның № ___________________________________________________________________
ӘЖК № ________________________________ СТТ № ____________________________________________
Айына __________________________________________________________________ теңге мөлшерінде
200__ жылдың ________________________ 200__ жылдың ______________________________________
_________________________________________________________________________________________
АӘК мөлшерін есептеу
Кедейшілік шегінің мөлшері ______________________________________________________________
Отбасының 2002 жылдың ______________________________________________________ тоқсанындағы
жиынтық табысының сомасы
Оның ішінде:
Еңбекақы ________________________________________________________________________________
Зейнетақы _______________________________________________________________________________
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы ________________________________________________________
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ___________________________________________________________
Алимент _________________________________________________________________________________
Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс _____________________________________________________
Жеке қос алқы шаруашылықтан түсетін табыс _______________________________________________
Басқа табыстар __________________________________________________________________________
Отбасының орташа айлық табысы ___________________________________________________________
Отбасының 1 мүшесіне орта есеппен жан басына шыққандағы табыс ___________________________
Отбасының 1 мүшесіне келетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері _________________________
Айына отбасына келетін атаулы әлеуметтік көмектің тағайындаудан бас тарту _______________
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
М.О. Уәкілетті органның бастығы
___________________ ___________________________
(қолы) (аты-жөні)
Есептесуді дайындады _________________________ Тексерді ________________________________
Дербес шотының № ________________________________________________________________________