Об определении формы и срока представления отчетности о закупленном и реализованном ломе и отходах цветных и черных металлов юридическими лицами, осуществляющими деятельность по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации лома и отходов цветных и черных металлов Күшін жойған
Басқа 0
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізлген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімін айқындау туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-2-бабының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар сатып алған және өткізген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті
Басқа 7. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сатып алған және өткізілген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімі (1-ТҚМСҚЖ)
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 30 наурызы № 161
бұйрығымен бекітілген
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сатып алған және өткізілген түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысаны мен мерзімі (1-ТҚМСҚЖ)
Индекс: 1-ТҚМСҚЖ
Кезеңділігі: тоқсандық.
Ұсынатын тұлғалар тобы: түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар
Қайда ұсынылады: Индустрия және индустриялық даму жөніндегі уәкілетті органға.
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін
Заңды тұлғаның аты: (ЖШС «__», АҚ «__» ), БСН________
Есепті кезең: 20__жылға
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алу
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Сатушының атауы
Сатушының заңды мекенжайы
Сатушының БСН / ЖСН-і
1 тонна үшін баға, теңге
Салмағы тоннамен
Жалпы құны
Облыс, аудан (тиеу)
ӘАОЖ коды
Сатып алушының атауы
Сатып алушының өқірі
Сатып алушының БСН/ЖСН-і
1 тонна үшін баға, тенге
Салмағы тонна
мен
Жалпы құны
Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Орындаушы______________________________________________Қолы, күні
Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)
__________________________________________________________Қолы, күні
Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам
___________________________________________________________Қолы, күні
Тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)
Ескертпе:
ЖШС-жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
АҚ-акционерлік қоғам:
ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі:
БСН-бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
ӘАОЖ – әкімшілік- аумақтық объектілер жіктеуші (ӘАОЖ кодтарының анықтамалығы WWW.stat.gov.kz сайтында жарияланған )
Басқа 8. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау ( дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сатып алған және өткізілген қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сатып алған және өткізілген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтары туралы есеп ұсыну нысаны мен мерзімі бұйрығына қосымша
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау ( дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың сатып алған және өткізілген қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтары туралы есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау ( дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сатушының атауы көрсетіледі;
2-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау ( дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сатушының заңды мекенжайы көрсетіледі;
3-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау ( дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сатушының бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда 1 тонна үшін сатып алынған сынықтың бағасы көрсетіледі;
5-бағанда сатып алынған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарының салмағы көрсетіледі;
6-бағанда сатып алынған сынықтың жалпы құны көрсетіледі;
7-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын тиеп жөнелту жүзеге асырылған облыс, аудан көрсетіледі;
8- бағанда ӘАОЖ коды көрсетіледі;
9-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алушының атауы көрсетіледі;
10-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алушының заңды мекенжайы көрсетіледі;
11-бағанда түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын сатып алушының бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
12-бағанда 1 тонна үшін өткізілген түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарының бағасы көрсетіледі;
13-бағанда сатылған түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарының салмағы көрсетіледі;
14-бағанда түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарының жалпы құны көрсетіледі.