Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» ______ № _____________ қаулысына 1-қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы № Арнайы тұрақты үй-жайлардың атауы Арнайы тұрақты үй-жайлардың мекенжайлары Бурабай ауданы 1. «Мир книг» кітап дүкені Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 44 1-1. тұрақты үй-жай Щучинск қаласы, Сарыжайлау көшесі, 8 «а» Жақсы ауданы 2. «Жақсы» дүкені Жақсы ауылы, Жақыпов көшесі, 86
Басқа 6. Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» ______ № _____________ қаулысына 2-қосымша Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Ақмола облысы әкiмдігiнiң 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қаңтарда «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/550 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3957 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қаңтарда «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған»).
Тармақ 3
3. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатырылуын бекіту туралы шешім беру және діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкiмдігiнiң 2016 жылғы 17 маусымдағы № А-7/303 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5450 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 4
4. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № А-1/668 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы әкiмдігiнiң 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № А-13/560 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5649 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).