Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 274 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19851 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурызы № 49 қаулысымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3-2) тармақшасына, «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағына, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына сәйкес әзірленген және коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды. Ережеге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.
Тармақ 2
2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркелуге жатады.
Тармақ 3
3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу Заңның 7-бабына және Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Есептік тіркеуден өту тәртібі
2-тарау. Есептік тіркеуден өту тәртібі
Тармақ 4
4. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) есептік тіркеуден өту үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші):
Тармақша 1
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар) туралы, басшы қызметкерлер туралы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет қатысатын кредиттік бюромен жасалған ақпарат беру жөніндегі шарт туралы мәліметтер ескерілген өтінішті;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелер арқылы байланысты үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы мәліметтерді;
Тармақша 3
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтерді ұсынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілген өтініш өтінішті беруге уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады және «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жіберіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген. Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды. Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтінішті келіп түскен күні қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлімшесіне (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен және тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішпен жүгінген кезде порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттарды 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды. Көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде тіркеу нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы хабарламаның жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жібереді. Коллекторлық агенттікті есептік тіркеуден бас тарту туралы негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға есептік тіркеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт және орын (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі. Тыңдау қорытындылары бойынша уәкілетті орган есептік тіркеуден бас тарту туралы немесе көрсетілетін қызметті алушыны коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды. Есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды, жауапты бөлімшенің басшысында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Заңның 8-бабының 1-тармағында белгіленген негіздер бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013  жылы 3 шілдеде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде (көрсетілетін қызметті алушы электрондық түрде өтініш берген кезде) жаңартылады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды уәкілетті органның басшысы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті органға, лауазымды тұлғаға беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтірілген уәкілетті орган, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жолдайды. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтірілген уәкілетті орган, лауазымды тұлға, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талапты толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібінде шағымдана алады.
Тарау 4. 4-тарау. Коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібі
4-тарау. Коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізеді. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган тізілімге коллекторлық агенттіктің тұрған жерi не атауы өзгерген жағдайларда Заңның 15-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты енгізеді.
Тармақ 13
13. Уәкілетті орган коллекторлық агенттікті Заңның 9-бабы 1-тармағында белгіленген негіздемелер бойынша тізілімнен алып тастайды.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган коллекторлық агенттікті тізілімнен алып тастаған күннен бастап күнтiзбелiк 7 (жеті) күн ішінде өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жазбаша хабарлама не коллекторлық агенттіктің тұрған жерiнің өзгергендігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 15
15. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және (немесе) басшы қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3 және 5-тармақтары бойынша, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен, және (немесе) үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы, сондай-ақ филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді. Коллекторлық агенттіктің орналасқан жері не атауы және (немесе) борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы және 6-тармағы бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.
Басқа 1. Өтініш
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтініш Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймыз. 1. Өтініш беруші туралы мәліметтер: 1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________; 2) өтініш берушінің орналасқан орны және нақты мекенжайы _____________________________________________________________________ (индекс, қала, _____________________________________________________________________ (аудан, облыс, көше, үй, офис нөмірі, _____________________________________________________________________. телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс) 2. Өтініш беруші - заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) туралы мәліметтер 1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________; (толық атауы) 2) орналасқан орны _______________________________________________ (пошта индексі, мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, _____________________________________________________________________; бар болса электрондық пошта мекенжайы) 3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________; 4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________; (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген) 5) резиденттігі ____________________________________________________; 6) негізгі қызмет түрі _______________________________________________; 7) өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі ______________________________________________________________________; 8) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне құрылтайшы (қатысушысы), акционер ретінде қатысуы туралы заңды тұлғалардың толық атауы және орналасқан орны көрсетілген мәліметтер _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________; 9) өтініш беруші құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ұйымдардың толық атауы, орналасқан орны көрсетілген мәліметтер _______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________; 10) құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы қызметкері бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөніндегі мәліметтер»__________________________________________________________ __________________________________________________________________; 11) өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер _____________________________________________________________. (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) 3. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер 1) өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) ______________________ _______________________________________________________________________; (тегі, аты, әкесінің аты, ол бар болса) 2) туған күні ______________________________________________________; 3) азаматтығы _____________________________________________________; 4) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________ _______________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді) 5) жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________; 6) тұрғылықты жері _________________________________________________ (пошта индексі, мекенжайы, _______________________________________________________________________; телефон нөмірі, бар болса - электрондық пошта мекенжайы) 7) жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы ________________________________________________________________________; 8) заңды тұлғалардың толық атауын және орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер, ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________; 9) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы туралы мәліметтер ________________________________________________________________________. 4. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылаудағы тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы, (иеленуші)) туралы мәліметтер. 1-кесте. Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер № Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін) неме­се бас­қа сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі үшін) Ре­зи­дент­ті­гі Ата­уы Алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұл­ға үшін) (иә (жоқ), құқық бұ­зу­шы­лық­тың, қыл­мыстың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы, жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту негі­зін көр­се­те оты­рып, қыл­мыстық жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­ту ту­ра­лы үкім­нің де­ректе­ме­ле­рі) Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы қызметкер туралы мәліметтер Қыз­мет тү­рі­нің си­патта­ма­сы 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы: Қа­ты­су­шы­ға (ие­ле­ну­ші­ге) ти­е­сі­лі қа­ты­су үле­сте­рі­нің жал­пы са­ны­на ара­қа­ты­на­сы Же­ке ті­ке­лей Жа­на­ма Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен) Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (тең­ге­мен) Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен) Қа­ты­су­шы­ның, (ие­ле­ну­ші­нің) кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін ие­ле­не­тін ұй­ым­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен) Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны (да­на) (қа­ты­су үле­сі) (тең­ге­мен) Жа­на­ма түр­де ие­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұй­ым­ның ата­уы кестенің жалғасы: Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің са­ны­на Бір­ле­сіп ті­ке­лей Жа­на­ма Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен) Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (тең­ге­мен) Кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен) Қа­ты­су­шы­ның, (ие­ле­ну­ші­нің) кол­лек­тор­лық агент­тіктің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рін ие­ле­не­тін ұй­ым­да­ғы қа­ты­су үле­сі (пай­ы­з­бен) Ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар­дың са­ны (да­на) (қа­ты­су үле­сі) (тең­ге­мен) Жа­на­ма түр­де ие­ле­ну жү­зе­ге асы­ры­ла­тын ұй­ым­ның ата­уы 14 15 16 17 18 19 Ескертпе: 1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы мәліметтер, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан көп иеленетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерге дейін көрсетіледі. 2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесі № Биз­нес - сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (заң­ды тұл­ға үшін), же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (же­ке тұл­ға үшін) неме­се өзге сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі үшін) Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы неме­се же­ке тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) (алын­ба­ған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер) Ба­қы­лау негі­зі Кол­лек­тор­лық агент­тікке ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның да­уыс бе­ре­тін ак­ци­я­ла­ры­ның (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі) 20 (жиыр­ма) пай­ы­зы­нан аста­мын ие­ле­не­ті­ні ұй­ым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ұй­ым­ның ата­уы Ак­ци­я­лар­ды ие­ле­ну (жар­ғы­лық ка­пи­тал­да­ғы) үле­сі 1 2 3 4 5 6 Ескертпе: 3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет. 5. Өтініш берушінің басшы қызметкері туралы мәліметтер ______________________________________________________________________ (өтініш берушінің басшы қызметкерінің лауазымы және өтініш берушінің атауы көрсетіледі) 1) жалпы мәліметтер: Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ____________________________________________________ ____________________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкестікпен, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен өзгертілгенін көрсету) Туған күні және туған жері ____________________________________________________ ____________________________________________________ Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері ____________________________________________________ ____________________________________________________ (елді мекеннің кодын қосқанда, толық мекенжайын, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету) Азаматтығы ____________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ 2) білімі: № Оқу орнының атауы Түскен күнi – аяқтаған күнi Мамандығы Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса – күні мен нөмірі) 1 2 3 4 5 3) басшы қызметкердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер: № Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері Басшы қызметкердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен) 1 2 3 4 4) Еңбек қызметі туралы мәліметтер: Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласында, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы қызметкердің жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі. № Жұмыс кезеңі (күні, айы, жылы) Жұмыс орны (ұйымның қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы тіркелген елін, сондай-ақ төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктердің және кредиттік бюролардың қызметін көрсетумен). Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе) Тәртіптік жазаның болуы Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері 1 2 3 4 5 6 5) өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер: № Кезеңі (күні, айы, жылы) Мемлекеттік қызмет органының атауы Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату) 1 2 3 4 5 6) жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) ______________________________________________________________________ (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы ______________________________________________________________________ жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып, ______________________________________________________________________ қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері) ______________________________________________________________________; 7) бұдан бұрын басшы қызметкер уәкілетті орган осы коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болғаны-болмағаны туралы мәліметтер» ____________________________________________________________________ (иә (жоқ), ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)»; 8) бұдан бұрын басшы қызметкер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________ (иә (жоқ), жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып, ______________________________________________________________________; қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері) 9) бұдан бұрын басшы қызметкер, уәкілетті орган немесе резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент қаржы ұйымы болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімді, оның таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімді қабылдағанға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының жеке тұлға-ірі қатысушысы, ірі қатысушысының, заңды тұлға-банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшысы болғаны-болмағаны туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (иә(жоқ) ____________________________________________________________________; (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі) 10) бұдан бұрын басшы қызметкер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер _______________________________________________________________________ (иә (жоқ)) _______________________________________________________________________; ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі) 11) басшы қызметкер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұра ма ___________________________________________ (иә (жоқ) есепке қою күні _______________________________________________________________________ және есепке қойған ұйымның атауы) 12) бұдан бұрын басшы қызметкердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер _______________________________________________________________________; (иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні) 13) бұдан бұрын басшы қызметкердің «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________ (иә (жоқ) жұмыстан босатылған күні ______________________________________________________________________. және коллекторлық агенттіктің атауы) 6. Коллекторлық агенттіктің борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері ______________________________________________________________________. (телефон нөмірі, ұялы байланыс операторының атауы) 7. Мемлекеттік қатысуымен кредиттік бюромен жасалған ақпаратты ұсыну туралы шарттың күні және нөмірі ______________________________________________________________________. 8. Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша дана және парақ саны: ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________. Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын. Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылған қосымша ақпарат пен құжаттардың уәкілетті органға уақтылы ұсынылғанын растаймын. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Өтініш беруге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ (қолы) Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам ______________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _______________ қолы Қол қойылған күні: 20_____ жылғы «_____» __________
Басқа 2
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша нысан Есепті кезең: 20___ жылғы «___» __________ жағдай бойынша Өтініш берушінің толық атауы ___________________________________ № Қыз­мет­кер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са) (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­қа то­лық сәй­кест­ікпен, те­гі, аты, әке­сі­нің аты өзгер­ген жағ­дай­да – олар қа­шан және қан­дай се­беп­ке бай­ла­ны­сты өзгер­ге­нін көр­се­ту) Ту­ған кү­ні және же­рі Тұ­рақ­ты ме­кен­жайы, те­ле­фон нө­мір­ле­рі (ел­ді ме­ке­ні­нің кодын қо­са ал­ған­да, ме­кен­жай­ын, қыз­мет­тік, үй, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры­ның нө­мір­ле­рін то­лық көр­се­ту) Аза­мат­тығы Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың то­лық де­ректе­ме­ле­рі Бі­лі­мі, оның ішін­де тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі, ор­та бі­лім­нен кей­ін неме­се жо­ға­ры бі­лі­мі Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы: Өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы (иә (жоқ) Кол­лек­тор­лық агент­тіктің бас­шы қыз­мет­ке­рі не оның жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі­нің он неме­се одан да көп пай­ы­зын ие­лен­ген тұл­ға бо­лып та­бы­л­ған (иә (жоқ) Пси­хо­ло­ги­я­лық-нев­ро­ло­ги­я­лық, ту­бер­ку­лез­дік, нар­ко­ло­ги­я­лық дис­пан­сер­лер­де есеп­те тұр­ған (иә (жоқ) Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен неме­се ар­на­у­лы және құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан те­ріс се­беп­тер бой­ын­ша боса­ты­л­ған (иә (жоқ) Бұ­рын өзі­нің ла­у­а­зым­дық өкі­лет­тікте­ріне орай осы кол­лек­тор­лық агент­тіктің қыз­ме­тін тек­се­ру ны­са­нын­да ба­қы­лау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік функ­ци­я­лар­ды орын­да­ған не өзі­нің құ­зы­ре­тіне сәй­кес осы кол­лек­тор­лық агент­тіктің қыз­ме­тіне бай­ла­ны­сты болған (иә (жоқ) Заң­ның 5-ба­бын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ды бұз­ға­ны үшін кол­лек­тор­лық агент­тіктен боса­ты­л­ған (иә (жоқ) Осы ақ­па­рат­ты өзім тек­сер­ге­нім­ді және оның дұ­рыс және то­лық екен­ді­гін рас­тай­мын, сон­дай-ақ дер­бес де­ректер­ді жи­на­у­ға және өң­де­у­ге және ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де­гі за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­мін (қыз­мет­кер­дің қо­лы) 9 10 11 12 13 14 15 Ескертпе: 1. 8-бағанда лауазымдық міндеттемелерді, кәсіптік дағдыны көрсете отырып, басшы қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екендігі көрсетіледі. 2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар екендігі немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау 2014  жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет. 3. 10-бағанда қызметкер бұдан бұрын уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы қызметкері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болғаны-болмағаны туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, онда ұйымның атауын, лауазымын, жұмыс кезеңін көрсету қажет. 4. 11-бағанда егер солай болса, есепке қою күні және есепке қойылған ұйымның атауын көрсету қажет. 5. 12-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күнін көрсету қажет. 6. 13-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтің тоқтаған күнін көрсету қажет. 7. 14-бағанда егер солай болса, босатылған күнін және коллекторлық агенттіктің атауын көрсету қажет. Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам ______________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ________________ қолы Қол қойылған күн 20_____ жылғы «_____» __________
Басқа 3
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан № Фи­ли­ал­дың және (неме­се) өкіл­дік­тің ата­уы Тұр­ған же­рі және нақ­ты ме­кен­жайы Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы де­ректер (нө­мі­рі, кү­ні) 1 2 3 4
Басқа 4. «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша «Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі 2. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы 3. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зім­де­рі 10 (он) жұ­мыс кү­ні 4. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны кол­лек­тор­лық агент­тіктер­дің ті­зі­лі­міне ен­гі­зу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту се­беп­те­рі ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. 6. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем ақы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі Ақы­сыз негіз­де 7. Жұ­мыс кесте­сі: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс), «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі Ко­дек­с­ке сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1) Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш; 2) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша бо­рыш­кер­лер­мен және (неме­се) олар­дың өкіл­де­рі­мен және (неме­се) банк­тік қарыз шар­ты неме­се мик­ро­кре­дит бе­ру ту­ра­лы шарт шең­бе­рін­де кре­ди­тор­ға мін­дет­те­ме­ле­рі ар­қы­лы бай­ла­ны­сты бо­ла­тын үшін­ші тұ­лға­лар­мен өза­ра іс-қи­мыл жа­сай­тын қыз­мет­кер­лер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 3) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы фи­ли­ал­дар және (неме­се) өкіл­дік­тер ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. Осы тар­мақ­тың 2) және 3) тар­мақ­ша­ла­рын­да көз­дел­ген құ­жат­тар PDF фор­ма­тын­да құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды. 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­ле­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер 1) Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың осы тіз­бе­нің 8-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­да көр­се­ті­лу­ге жа­та­тын дәй­ек­сіз мә­лі­мет­тер мен ақ­па­рат­ты ұсы­ну; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы қыз­мет­кер­ле­рі­нің «Кол­лек­тор­лық қыз­мет ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ның (бұ­дан әрі – Заң) 12-ба­бы­ның 2 және 3-тар­мақ­та­рын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­меу; 3) кол­лек­тор­лық қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ни­ет­тен­ген неме­се Заң­ның 3-ба­бы­ның 3-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға дер­бес неме­се бас­қа тұл­ға­мен (тұ­лға­лар­мен) бір­ле­сіп ті­ке­лей неме­се жа­на­ма ие­ле­не­тін және (неме­се) пай­да­ла­на­тын және (неме­се) жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на қа­ты­су үле­сте­рі­нің он неме­се одан да көп пай­ы­зын ие­ле­не­тін және (неме­се) оған би­лік ете­тін тұл­ға­ның сәй­кес кел­меу; 4) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сын­да мем­ле­кет­тік тір­кел­ген (қай­та тір­кел­ген) күн­нен ба­стап үш ай өт­кен соң көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге есеп­тік тір­ке­уден өту ту­ра­лы өті­ні­шпен жү­гі­ну; 5) Заң­ның 21-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген та­лап сақ­тал­ма­ған жағ­дай­лар­да тоқ­та­ты­ла­ды. 10. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz, ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы же­ке ка­би­не­ті ар­қы­лы қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz, ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­сі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
Басқа 5
Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша нысан № Есеп­тік тір­кеу нө­мі­рі Кол­лек­тор­лық агент­тіктің ата­уы Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі 1 2 3 4 кестенің жалғасы: Бі­рін­ші бас­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (егер ол же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та көр­се­тіл­се) Ор­на­лас­қан же­рі және нақ­ты ме­кен­жайы Те­ле­фон нө­мі­рі, факс, элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы, ин­тер­нет - ре­сурс 5 6 7 кестенің жалғасы: Ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген күн Ті­зі­лім­нен шы­ға­ры­л­ған күн Негіз­де­ме­сі 8 9 10