Об утверждении Правил оказания государственных услуг в пределах специального государственного архива Министерства внутренних дел Республики Казахстан и его территориальных подразделений Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақпараттандыру және байланыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаментіне (Т.Т. Ахметов) жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурызы № 256 бұйрығына 1-қосымша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Тарау 1. 1 - тарау. Жалпы ережелер
1 - тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік архив – «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
Тармақша 2
2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;
Тармақша 3
3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;
Тармақша 4
4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
Тармақша 5
5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;
Тармақша 6
6) архив қоры – бір-бірімен тарихи немесе қисынды байланысты архивтік құжаттардың жиынтығы;
Тармақша 7
7) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;»;
Тармақша 8
«8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 9
9) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
2 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
Тармақша 2
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
Тармақша 3
3) портал арқылы өтініш береді. Сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері болған кезде өтінішке қоса беріледі. Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдағанда көрсетілетін қызметті берушіден осы тармақта санамаланған құжаттар пакетін көрсетілетін қызметті берушінің қабылдағанын құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген қабылдау күні мен уақыты, кіріс құжаттың нөмірі белгіленген оған берілген өтініш көшірмесі растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні, сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілетін күн, уақыт және орны, құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Портал арқылы сұрау салу келіп түскенде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге салынған сұрау салудың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және алатын орнын көрсете отырып хабарлама жолданады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін негізгі талаптар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) келтірілген.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратылған ақпаратты архивтік қорлар (қағаз түрінде) бойынша іздеуді 4 (төрт) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті беруші сұратылған мәліметтер анықталған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдағышта архивтік анықтаманы және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін дайындайды, оған басшы қол қояды. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы немесе почталық байланыс арқылы, Тізбемен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды. Сақтауда құжаттар (мәліметтер) болмаған жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мұрағаттық сақтауда жоқ екендігі туралы жауап дайындайды. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі. Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілген қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды. Архивте сақталатын архивтік құжаттардың құрамына жатпайтын сұрау салу тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тиесілігі бойынша қажетті архивтік құжаттар сақталатын басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберіледі және бұл туралы көрсетілетін қызметті алушы хабарланады.
Тармақ 6-1
6-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш жұмыс күн ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын, Мемлекеттік корпорацияны, Бірыңғай байланыс орталығын және көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттандырады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен шағымы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жолданады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1.1. Өтініш
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша Нысан (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ______________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін)/заңды мекенжайы (заңды тұлға үшін): байланыс телефоны: ______________________________ ЖСН_____________________ Өтініш Мынадай _________________________________________________________ жылдағы (жылдардағы): ________________________________________________________________________________ (көрсетілген мерзімде мәліметтер сұратылып отырған адамның ________________________________________________________________________________ тегі (қыз кезіндегі тегі), аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ туралы (сұратылатын мәліметтерді көрсету қажет) ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Мәліметтерді растау туралы архивтік анықтаманы (архивтік құжаттардан куәландырылған архивтік көшірмелер немесе үзінділер) беруді сұраймын. Қосымша: сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері (болған кезде) 1)________________________________________; 2)________________________________________; 3)_________________________________________. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20 __ жылғы «____»_______________ ________________ (қолы).
Басқа 1.2. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша Нысан _______________________ көрсетілетін қызметті алушының (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы) ___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы: 1)________________________________; 2) ________________________________; 3) _________________________________. Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) Күні Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________________________________ Тел._________________ Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 __жылғы «__» ____________
Басқа 1.3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністері шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру" 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, аумақ­тық бө­лі­ні­сте­рі, оқу орын­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) Өті­ніш­ті қа­был­дау көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі,  «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» Ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция), «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі - 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут; Өті­ніш­ті ре­сім­деу үшін рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ден құ­жат­тар­ды алу үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – 20 (жиыр­ма) ми­нут. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі өт­кен­ге дей­ін бір тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі Ар­хив­тік анық­та­ма және/неме­се ар­хив­тік құ­жат­тың кө­шір­ме­сі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: қа­ғаз жү­зін­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу әді­сте­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға те­гін көр­се­ті­ле­ді. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды; 3) пор­тал ар­қы­лы – тәу­лік бойы, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Ми­ни­стр­лік­тің – www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 3) пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге: Осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тол­ты­ры­л­ған өті­ніш. Сұ­рау са­лын­ған мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар не олар­дың кө­шір­ме­ле­рі болған кез­де өті­ніш­ке қо­са бе­рі­ле­ді; өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­ле­рін үшін­ші адам ұсын­ған кез­де, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін ұсы­ны­ла­ды). Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан осы тар­мақ­ша­да са­на­ма­лан­ған құ­жат­тар топ­та­ма­сы­ның қа­был­да­ға­нын, құ­жат­тар­ды қа­был­да­ған адам­ның те­гін, атын, әке­сі­нің атын (ол болған кез­де) көр­се­те оты­рып, кі­ріс құ­жат­ты қа­был­дау кү­ні мен уа­қы­ты және нө­мі­рі бел­гі­лен­ген қыз­мет­ті алушы өті­ні­ші­нің кө­шір­ме­сі бо­лып та­бы­ла­ды; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға: Осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тол­ты­ры­л­ған өті­ніш. Сұ­рау са­лын­ған мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі болған жағ­дай­да өті­ніш­ке қо­са бе­рі­ле­ді; өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­ле­рін үшін­ші адам ұсын­ған кез­де, но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат (же­ке ба­сты сәй­кестен­ді­ру үшін ұсы­ны­ла­ды). Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де, егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жа­з­ба­ша ке­лі­сі­мін ала­ды; 3) пор­тал­ға: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) не бір рет­тік па­роль ен­гі­зу кө­ме­гі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу. Болған жағ­дай­да сұ­рау са­лу­ға сұ­рау са­лын­ған мә­лі­мет­тер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі қо­са бе­рі­ле­ді. 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының талаптарына сәйкес келмеуі. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар Ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты­лы­ғы бұ­зы­л­ған, өзін-өзі қа­рап кү­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­лай алу қа­бі­ле­ті­нен неме­се мүм­кін­ді­гі­нен то­лық неме­се іші­на­ра ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы бой­ын­ша жү­гі­ну ар­қы­лы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі құ­жат­тар­ды қа­был­дау үшін тұр­ғы­лық­ты же­ріне шы­ға оты­рып жүр­гі­зе­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы оның ЭЦҚ болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға сұ­рау са­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі ар­қы­лы, сон­дай-ақ қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы «27» наурыздағы № 256 бұйрығына 2-қосымша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ішкі істер министрлігі, Министрліктің аумақтық бөліністері, оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) арнаулы мемлекеттік архив – «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының архив мекемесі немесе бөлімшесі;
Тармақша 2
2) архивтік анықтама – ұйымның хат бланкісінде жасалған, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпаратты жасауға негіз болған архивтік құжаттардың сақтау бірліктерінің архивтік шифрлері мен парақ нөмірлері көрсетілген осы ақпаратты қамтитын, заңды (түпнұсқа) күші бар құжат;
Тармақша 3
3) архивтік көшірме – архивтік шифр және сақтау бірлігі парақтарының нөмірлері көрсетілген архивтік құжаттағы мәтінді сөзбе-сөз көрсететін көшірме;
Тармақша 4
4) архивтік құжат – қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығына қарай сақталатын немесе сақталуға жататын, сол сияқты меншік иесі үшін құндылығы бар құжат;
Тармақша 5
5) архивтік үзінді – архивтің хат бланкісінде жасалған, архивтік құжат мәтінінің белгілі бір фактіге, оқиғаға, адамға қатысты бөлігін сөзбе-сөз көрсететін сақтау бірліктерінің архивтік шифрі мен парақтар саны көрсетілген құжат;
Тармақша 6
6) ресми құжат – жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;
Тармақша 7
7) апостиль - құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Тармақша 8
8) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 9
9) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 10
10) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
Тармақ 4
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы қағаз тасымалдағышта не портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апостиль қоюға өтінішті береді.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде жазылған.
Тармақ 6
6. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы нөмірі мен мерзімін және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімін көрсете отырып, қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға құжат қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорация, немесе портал арқылы түскен өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты орындаушыға береді (сағат 17.30-дан кейін түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі). Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 7
7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» сұрау салуды қарау мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, құжаттарды оң қарау нәтижелері бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну туралы хабарламаны жібереді.
Тармақ 8
8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды түскен күні қабылдайды және тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қарауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінгенде осы Қағидаларға сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің болмауы жағдайында, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкестікке келтіру мерзімін көрсете отырып хабарлама жібереді. Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестікке келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Егер көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын талаптарға сәйкестікке келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресми құжаттың түпнұсқалығын тексереді, апостиль мөртабанын қояды, апостиль мөртабанына елтаңбалық мөр басып, Апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабын толтырады. Кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға немесе Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы, немесе почталық байланыс арқылы, Тізбеде белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі өтуінен бір тәулік бұрын жолдайды. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Тармақ 11
11. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орнын (тәсілін) хабарлайды.
Тармақ 12
12. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолданады. Тыңдау хабарлама жолданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жолданады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік корпорация филиалдары бөлімінің қызметкері қолхат негізінде және жеке басын куәландыратын құжатты, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты, және (немесе) сенімхатты көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік корпорация нәтижені 1 (бір) ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Тармақ 15
15. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 15-1
15-1. Көрсетілетін қызметті беруші Қағидалар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш жұмыс күн ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын, Мемлекеттік корпорацияны, Бірыңғай байланыс орталығын және көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпараттандырады.
Тарау 3. 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 16
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі. Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті беруші мекенжайына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жолданады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1.1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою" 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі, аумақ­тық бө­лі­ні­сте­рі, оқу орын­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі; 2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» Ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) 3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі - 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні. Құ­жат­тар­ды тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут; Өті­ніш­ті ре­сім­деу үшін рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут. Құ­жат­тар­ды алу ке­зін­де ке­зек­те кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі өт­кен­ге дей­ін бір тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де. 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі Апо­стиль қой­ы­л­ған ар­хив­тік анық­та­ма­лар, ар­хив­тік құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ны­са­ны: қа­ғаз жү­зін­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­мен көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу әді­сте­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін мем­ле­кет­тік баж «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» (Са­лық ко­дек­сі) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ко­дек­сі­нің 615-ба­бы­на сәй­кес алы­на­ды, ол мем­ле­кет­тік баж тө­лен­ген кү­ні бел­гі­лен­ген ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­ше­рі­нен 50 пай­ы­зын құ­рай­ды. Мем­ле­кет­тік баж­ды тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз, ке­зек тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке­лік күн­дер­ден бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы брон­да­у­ға бо­ла­ды; 3) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­дір­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Ми­ни­стр­лік­тің – www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның – www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 3) www.​egov.​kz пор­та­лын­да. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы (неме­се оның се­нім­хат бой­ын­ша өкі­лі­нің) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға өті­ніш біл­дір­ген кез­де: 1) өті­ніш; 2) апо­стиль қою үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі ар­найы мем­ле­кет­тік ар­хи­ві­нен және оның аумақ­тық бө­лі­ні­сте­рі­нен шы­ға­тын ре­сми құ­жат; 3) егер мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мүд­де­сін үшін­ші тұл­ға біл­дір­ген жағ­дай­да но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат (са­лы­сты­рып тек­се­ру үшін); 4) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­л­ге­ні үшін мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат («элек­трон­ды үкі­мет» пор­та­лы­ның шлю­зі ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да (бұ­дан әрі - ЭҮПШ). Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (ЭҮПШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­да) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды. Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­ды цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш; 2) апо­стиль қою үшін ұсы­ны­л­ған құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі); 3) мем­ле­кет­тік баж­дың бюд­жет­ке тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ска­нер­лен­ген кө­шір­ме­сі) (ЭҮТШ ар­қы­лы тө­лен­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да). 9 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау. 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының талаптарына сәйкес келмеуі. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге та­лап­тар Ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты­лы­ғы бұ­зы­л­ған, өзін-өзі қа­рап кү­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­лай алу қа­бі­ле­ті­нен неме­се мүм­кін­ді­гі­нен то­лық неме­се іші­на­ра ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы бой­ын­ша жү­гі­ну ар­қы­лы Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі құ­жат­тар­ды қа­был­дау үшін тұр­ғы­лық­ты же­ріне шы­ға оты­рып жүр­гі­зе­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі ар­қы­лы, сон­дай-ақ қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы ала­ды. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де көр­се­ті­л­ген. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.2. Өтініш
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша Нысан (көрсетілетін қызметті берушінің атауы) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін)/заңды мекенжайы (заңды тұлға үшін): Байланыс телефоны:____________ ЖСН:________________________ Өтініш Арнайы мемлекеттік архив берген ________________________________________________________________________________ (архивтік анықтамалардың және (немесе) архивтік құжаттардың көшірмелеріне) апостиль мөртаңбасын қоюды сұраймын. Қосымша:
Тармақша 1
1) ________________________________________;
Тармақша 2
2) ________________________________________;
Тармақша 3
3) ________________________________________. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. 20 __ жылғы «___»_______________ ___________ (қолы).
Басқа 1.3. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінен шығатын архивтік анықтамаларға және архивтік құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3 - қосымша Нысан ________________________ көрсетілетін қызметті алушының (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), не көрсетілетін қызметті алушы ұйымның атауы) ______________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік архиві және оның аумақтық бөліністерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан сіздің Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атауы: 1)________________________________; 2) ________________________________; 3) _________________________________. Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (қолы) Күні Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________________________________ Тел._________________ Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының қолы 20 __жылғы «__» ____________
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурызы № 256 бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі №320 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 20 мамырда №11087 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 440 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 маусымда № 11359 болып тіркелген);
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 320 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 346 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 мамырда № 18624 болып тіркелген);
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №440 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы №733 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 тамызда №19295 болып тіркелген).