Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 - бабы 1 - тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 - бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бабының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтай ауданы әкімінің орынбасары Т. М. Жигитаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Алтай ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 116 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар
Квота мөлшері
( % )
елу адамнан жүз адамға дейін
2
жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін
3
екі жүз елу бір адамнан көп
4